11.09.2023
2023 жылғы тамыздағы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі
Тұрғын үй нарығында бір жылда (2022 жылғы тамызға қарағанда биылғы тамызда) жаңа тұрғын үйлер бағасы 4,4% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 2,9% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы тамызда 17% артты.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтау – 18%, Семей – 16%, Павлодар 15,5% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында – Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары.
Бір айдың ішінде (2023 жылғы тамыз 2023 жылғы шілдеге қарағанда) жаңа тұрғын үй баға өзгеріссіз қалды, пәтерлерді қайта сату 1,8% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шілдемен салыстырғанда тамызда 2,3% өсті.
Тұрғын үй бойынша мәміле жасасу көрсеткіші жыл басынан бері ең жоғары көрсеткішке жетіп, 2023 жылғы тамызда 38 810-ға жетті. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 10 141 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 28 669 мәміле жасалды. 2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда (34 225) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 13,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (6 679 – 18%) және Алматы (5 928 – 15,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 705 – 9,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 410 бірлік (1,1%).
2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда тамызда өсім, Ұлытау облысынан (-3,5%) басқа еліміздің барлық өңірінде тіркелді. Ал мәмілелер санының ең көп өсімі Солтүстік-Қазақстан (53%-ға), Жетісу (27,7%-ға) және Жамбыл (26,3%-ға) облыстарында байқалды.
2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 12,7%-ға (3 225 мәмілеге) өсті. Тамыз айында пәтерлер бойынша барлығы 28 669 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 73,9%-ы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, тамыз айында олардың жыл басынан ең көп саны ресімделді – 10 924. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (23,9%), Алматы (18,7%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,6%) тиесілі.
2023 жылдың шілде айымен салыстырғанда, тамызда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 15,5%-ға ұлғайып (1 360 мәмілеге), 10 141-ді құрады. Батыс-Қазақстан (-16%) және Абай (-4%) облыстарын қоспағанда еліміздің барлық дерлік өңірінде оң динамика орын алды.
2023 жылдың тамызында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 8,8%-ға өсті, ол кезде 35 686 мәміле ресімделген болатын. Ең жоғары өсім көрсеткіші Солтүстік-Қазақстан облысында (80,4%-ға) байқалды. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Қызылорда облысында (-15,5%-ға) тіркелді. 2023ж. қаңтар-тамыз айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-тамыз айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда теріс динамика орын алды – -29%.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.