Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2023 жылғы IV тоқсандағы жалақы
08.02.2024
2023 жылғы IV тоқсандағы жалақы

Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы IV тоқсанда* 393 605 теңгені құрады. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 16,2%-ды, нақты мәнде – 5,3%-ға өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы IV тоқсанда бағалау бойынша 259 463 теңгені құрады. 4-тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты.

2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметі – 29,7%, ақпарат және байланыс – 23,2%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,8%, салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақының өсуі 18,6%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 18,2% құрады.


Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғары өсімі Ұлытау облысында тіркелді – 23,5%-ға. Ең төменгі өсімі Атырау облысында байқалды – 6,4%-ға.

Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғары және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2023 жылғы IV тоқсанда 2,1 есе болды.




Тізімге оралу

Онлайн кеңесші