Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2023 жылғы II тоқсандағы жалақы
07.08.2023
2023 жылғы II тоқсандағы жалақы

Қазақстан Республикасы бойынша 2023 жылғы IІ тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 240 779 теңгені құрады. Ал атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы II тоқсанда* 365 502 теңгені құрады. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 17,1%-ды, нақты мәнде – 1,2% көрсетті.

2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс – 36%, көлік және қойма – 24,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7%, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 21,8% салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақының өсуі 10,2%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 15,6% құрады.

Алайда нақты мәнде жалақы көлемі былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда құрылыс – 3,5%, тұру және тамақтану қызметтерін көрсету – 2,6%, білім беру – 4,8%, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 0,1% салаларында төмендеді.

   

Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында – 23,8%-ға тіркелді. Ең төменгі өсімі Түркістан облысында – 12,2%-ға байқалды.

Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2023 жылғы II тоқсанда 2,1 есені құрады.



    Орташа айлық жалақы туралы ақпарат кәсіпорындар мен ұйымдардың тоқсандық негізде ұсынатын есептік деректері негізінде қалыптастырылады. Жалақы мөлшері кәсіпорындардың есептелген жалақы қорының сомасын кәсіпорындар қызметкерлерінің нақты санына бөлу арқылы есептеледі.

    Бюро жариялайтын орташа жалақы туралы ақпарат бір қызметкердің есептелген жалақысының орташа мөлшерін көрсетеді, яғни барлық қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйақыларды, салықтарды және зейнетақы аударымдарын қоса ала отырып ескеріледі.  

 

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші