Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2023 жылғы қазандағы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен саудасы
10.11.2023
2023 жылғы қазандағы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен саудасы

Бір жылда (2023 жылғы қазан 2022 жылғы қазанға) жаңа тұрғын үйлерді сату 5,1% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағалары 5,3% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қазанда 3,4% төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтер нарығында жылдық мәнде баға Павлодар – 14,8%, Семей – 12,1% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көшін Семей (14%), Қызылорда (11,7%) қалалары бастап тұрса, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған (26,3%), Көкшетау (20,6%), Қызылорда (20,2%) қалалары.


Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8%-ға азайды

2023 жылғы қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 32 975 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 023 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 952 мәміле жасалды. 2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда (35 398) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 854 – 17,8%) және Астана (5 438 – 16,5%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (3 075 – 9,3%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 298 бірлік (0,9%).

2023 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда ең көп өсім Түркістан (+29,5%), Атырау (+8,9%) облыстарында  және Шымкент (+4,8%) қаласында  тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Астана қаласында (-19,2%), сонымен қатар, Абай (-15%) және Шығыс-Қазақстан (-11,9%) облыстарында орын алды.

2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 6,1%-ға (1 631 мәмілеге) кеміді. Қазан айында пәтерлер бойынша барлығы 24 952 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,7%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (21,2%), Алматы (21,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, қазан айында олар бойынша 9 481 мәміле ресімделген.

2023 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда, қазанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 9%-ға азайып (792 мәмілеге), 8 023-ты құрады. Теріс динамика, Астана (+10,5%) қаласын қоспағанда, еліміздің барлық өңірінде тіркелген. Ұлытау облысында 33,3%-ға кему байқалады, ол өңірлер арасында ең үлкен көрсеткіш болып табылады.

2023 жылдың қазанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 4%-ға азайған, ол кезде 34 336 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Ақтөбе облысында (-20,4%-ға) тіркелді, ал Алматы облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (25,1%-ға) байқалды. Динамиканың төмендеуі 2023ж. қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда орын алды және -24,5%-ды құрады.

 


«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпаратты біз сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жинаймыз, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады», – дейді ҚР Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

 



Тізімге оралу

Онлайн кеңесші