Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2023 жылғы Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы
04.07.2024
2023 жылғы Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға салынған  инвестициялар туралы
2023 жылғы Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы

2023 жылы барлық қаржыландыру көздерінен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 17649,3 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,2% өсті (салыстырмалы бағамен).


Өңірлік бөліністе республиканың 19 өңірінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың ұлғаюы байқалады. Бұл ретте ең үлкен өсім Манғыстау облыстарында (1,3 есе), ал Алматы, Ұлытау, Түркістан, Абай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында (1,2 есе) байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың төмендеуі Атырау облысында (5,5%) байқалды.

 

2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың технологиялық құрылымында 60,9% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына (олардың 65,5% жеке меншіктегі кәсіпорындар жүзеге асырады), 31,1% - машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарды сатып алуға және күрделі жөндеуге кеткен шығындар, 8% - негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар.

Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2023 жылы 12744,6 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 72,2% - құрады.

Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 16,7% құрады, бұл ретте 2022 жылмен салыстырғанда 1,1% үлғайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 2,9%, басқа қарыз қаражаттары 8,2% алады.

2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (45%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына – 25,4%, өңдеу өнеркәсібіне – 9,2%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (17,9%), көлік және жинақтауға (15,2%), ауыл, орман және балық шаруашылығына (5,1%) тиесілі.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші