.png)
Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында сақталып отыр. 2023 жылы аталған аймақта 496 жағдай тіркелді, бұл жалпы саннан 18,6%. Екінші орында – Ұлытау облысы, онда өндірісте 408 адам жарақат алған (жалпы саннан 15,3%).
.png)
Қызмет түрі бойынша өңдеу (жағдайлардың 34,1%) және тау-кен өнеркәсібі (20,5%), сондай-ақ құрылыс (14,1%) салалары жарақаттану қаупі жоғары салалар.
Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар: дорсалгия – спецификалық емес арқа ауруы (414 адам); құрамында кремний бар шаңнан туындаған пневмокониоз (136 адам).
Анықтама: деректер жазатайым оқиғалар немесе кәсіптік аурулар тіркелген барлық меншік нысандарындағы және ведомстволық бағыныстағы барлық заңды тұлғалармен ұсынылған.