Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2024 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,4% құрады
15.02.2024
2024 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,4% құрады

2024 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өнімдері 3 746,7 млрд теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 1 847,4 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 49,3%), өңдеуде – 1 564,4 млрд теңгеге (41,3%).

Металл кендерін (106,1%) және өзге де пайдалы қазбаларды (103,3%) өндіру салаларының артуына байланысты 2024 жылғы қаңтарда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өнідірісінің индексі 100,2% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтарда 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда индекс 106,9% құрады. Өсім химия өнеркәсібі – 39,9%, металлургия – 12,2%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 18,1%, машина жасауда 17,7% байқалды.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде тіркелді, төмендеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында белгіленді.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші