Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-тамызда 2022 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 105,3% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
|
2023 жылғы қаңтар-тамыз |
2022 жылғы қаңтар-тамызғапайызбен |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, млрд теңге |
9 649,7 |
112,2 |
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі, |
29 952,3 |
103,8 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімі (қызметі) жалпы шығарылымының көлемі, |
3 845,0 |
100,3 |
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд теңге |
3 521,8 |
111,4 |
Жүк айналымының көлемі, млрд т-км |
332,0 |
102,6 |
Жолаушылар айналымының көлемі, млрд п-км |
47,7 |
112,2 |
Байланыс қызметінің көлемі, млрд теңге |
790,5 |
108,3 |
Бөлшек сауда көлемі, млрд тенге |
11 237,5 |
107,3 |
Көтерме сауда көлемі, млрд тенге |
24 326,8 |
111,0 |
Сыртқы сауда айналымы,млн АҚШ доллары |
79 488,8 (2023 жылғы қаңтар-шілде) |
105,7 |
Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы тамызда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,6% құрады. Бағалар азық-түлік тауарларға 5,9%, және азық-түлік емес тауарларға бағалар – 6,4%-дан, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 7,7% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы тамызда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,2%төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2023 жылғы шілдеде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 174171 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2022 жылғы шілдеге қарағанда 14,2% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,2% өсті.
2023 жылғы тамызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 449,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,7% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы тамыздың соңына 288,4 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 3%.