Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 2022 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 105,3% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді
|
|
2023 жылғы қаңтар-шілде |
2022 жылғы қаңтар-шілдеге пайызбен |
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, млрд теңге |
8 103,7 |
112,4 |
|
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі, |
26 272,9 |
101,6 |
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімі (қызметі) жалпы шығарылымының көлемі, |
2 764,0 |
103,9 |
|
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд теңге |
2 942,3 |
112,8 |
|
Жүк айналымының көлемі, млрд т-км |
290,4 |
102,4 |
|
Жолаушылар айналымының көлемі, млрд п-км |
40,8 |
113,0 |
|
Байланыс қызметінің көлемі, млрд теңге |
685,6 |
108,5 |
|
Бөлшек сауда көлемі, млрд тенге |
9 481,0 |
108,8 |
|
Көтерме сауда көлемі, млрд тенге |
20 661,5 |
110,0 |
|
Сыртқы сауда айналымы,млн АҚШ доллары |
67 242,3 (2023 жылғы қаңтар-маусым) |
104,3 |
Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы шілдеде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,8% құрады. Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға бағалар – 5,9%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 5,7% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы шілдеде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,8%төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2023 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 174035 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2022 жылғы маусымға қарағанда 15,6% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9% өсті.
2023 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,7% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы шілденің соңына 293,5мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 3,1%.