Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2022 жылғы некелер мен ажырасулар
12.04.2023
2022 жылғы некелер мен ажырасулар
Некелер

Қазақстан Республикасында 2022 жылы АХАТ органдары 128,4 мың некені тіркеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% аз.

Некедегі ең жоғарғы көрсеткіш Астана қаласында тіркелді, онда жалпы неке коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 8,05 құрады, ең төменгі деңгей – Абай облысында 1000 тұрғынға шаққанда 6,10 болды.

некенің жалпы коэффициенті 6,54‰ (1000 адамға шаққанда)

Ажырасулар

2021 жылмен салыстырғанда тіркелген ажырасулар саны 7,7% азайып, 44,5 мың ажырасуды құрады.

Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында байқалды, онда ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 3,24, ал ең төменгі Түркістан облысында – 1000 тұрғынға шаққанда 0,98 оқиғаны құрады.

1000 некеге 347 ажырасу келеді

ажырасу жалпы коэффициенті 2,27‰ (1000 адамға шаққанда)

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші