Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2022 жылғы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім
21.04.2023
2022 жылғы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім
2022 жылғы (алдын-ала деректер бойынша) Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2021 жылға қарағанда 103,3% құрады. ЖІӨ-нің құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 39,9%, қызметтер – 52,9% құрады.

Жедел бағалауымен салыстырғанда ЖІӨ нақты көлем индексі 103,2%-ды құраған алты базалық сала өзгеріссіз қалды, нақтылаулар ай сайынғы деректер болмаған көрсетілген қызмет саласындағы тоқсандық статистикалық байқаулардың деректері негізінде жүргізілді. Сонымен қатар, алдын-ала бағалау кезінде статистикалық байқаулардың деректері әкімшілік деректермен толықтырылады, олар да жедел бағалау кезінде болмаған.






ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.ЖІӨ-нің нақты көлем индексі экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші