Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2022 жылғы Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметіне байланысты жарақаттану және кәсіптік сырқаттар
25.05.2023
2022 жылғы Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметіне байланысты жарақаттану және кәсіптік сырқаттар
2022 жылы Қазақстан Республикасында 2449 жазатайым оқиға тіркелді, мұнда зардап шеккендердің жалпы санынан 18,2% – әйелдер. 2021 жылмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 14,8% өскен. Жарақат алғандардың 287-сі топтық жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккен, 657-сі кәсіби ауруға шалдыққан, 34-і – уланған.  


Жазатайым оқиғаның салдарынан 584 адам жабық сынық, 444 – сыртқы жарақат, 273 – ми шайқалуы мен ағза мүшелерінің жарақатын, 143 – басқа сынықтар (буын таю),113 – ашық сынық, 108 – термикалық күйік алған.

Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында сақталып отыр. 2022 жылы онда 460 жағдай тіркелді – бұл жалпы жарақат алғандардың 18,7%. Екінші орында Ұлытау облысы, онда өндірісте 307 адам жарақат алған (жалпы саннан 12,5%).


Жарақат алу қаупі бойынша ең жоғары үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, өткен жылы бұл салада жазатайым оқиғалардың 29,8% тіркелді (26,8% – 2021 ж.). Екінші орында тау-кен өнеркәсібі – зардап шеккендердің 23,9% (20,8% – 2021 ж.). Мертігудің ең аз үлесі ауыл, орман және балық шаруашылығына тиесілі – 2,4%.


Есепті жылы ең көп таралған кәсіби аурулар: дорсалгия – спецификалық емес арқа ауырсынуы  (289 адам); радикулопатия – неврологиялық синдром (289 адам) және омыртқааралық дискінің зақымдануы (211 адам).

Естеріңізге сала кетейік, статистикалық деректер жазатайым оқиғалар немесе кәсіби аурулар тіркелген барлық заңды тұлғалар ұсынған есеп негізінде қалыптастырылған.



Тізімге оралу

Онлайн кеңесші