2026 жылы STAT.DATATHON байқауы алғаш рет халықаралық деңгейде өткізіледі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Статистика комитетінің қолдауымен байқауға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатысады.
Байқау екі бағыт бойынша өткізіледі:
· Data to Policy – деректерді талдау, әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды анықтау және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу;
· AI for Official Statistics – ресми статистиканы жинау, өңдеу және талдау үшін жасанды интеллектті қолдана отырып, IT-шешімдер әзірлеу.
Байқаудың серіктестері – «El Umiti» корпоративтік қоры және Alem.ai Foundation.
STAT.DATATHON байқауының мақсаты – деректер негізінде әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін іздеу, сондай-ақ деректерді басқару мәдениетін және деректерге негізделген шешімдер қабылдау тәжірибесін дамыту.
Байқау туралы толығырақ ақпаратты https://datathon.stat.gov.kz/ сайтынан алуға болады.