2024 жылғы қарашада есепке 168,3 мың бірлік автокөлік құралдары қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер 5,2% артты, жүк автомобильдері 31% артты және автобустар 14,4% кеміді.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5694,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88%-ды жеңіл автомобильдер, 9,9%-ды жүк автомобильдері және 2,1%-ды автобустар.
Алғаш рет тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 31 149 бірлікті құрады. Жаңа автомобильдердің ең көп саны тіркелген:
Алматы қаласында – 6351 бірлік
Астана қаласында – 4300 бірлік
Шымкент қаласында – 3416 бірлік
Алматы облысында – 2869 бірлік
Сонымен қатар, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл көліктер саны 1,6 есеге артты - 7383-ден 12 119 бірлікке дейін. Электр көліктерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген: Алматы қаласында - 7157 бірлік, Астана қаласында - 1464 бірлік, Алматы облысында - 621 бірлік.