Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
149,2 мың бірлік автокөлік құралдары ақпан айында есепке қойылды
17.03.2025
149,2 мың бірлік автокөлік құралдары ақпан айында есепке қойылды

2025 жылғы ақпанда 149,2 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% артты. Оның ішінде жеңіл автомобильдер саны 8%, жүк автомобильдері 26,2% артты, ал автобустар 6,8% кеміді.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5791,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,1% жеңіл автомобильдер, 9,9% жүк автомобильдері және 2% автобустар.

Сонымен қатар, тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының ең үлкен үлесі (43,5%) қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 куб. см.-ге дейінгі жеңіл автомобильдерге тиесілі. Қозғалтқыш көлемі 1500 куб. см.-ге дейін – 20,2%, 2000 куб. см.-ден 2500 куб. см.-ге дейін – 17,3%, 2500 куб. см.-ден 4000 куб. см.-ге дейін – 14,8%, 4000 куб. см.-ден жоғары – 1,9%.

Қозғалтқыш көлемі 1500 жоғары 2000 куб. см.-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны

Алматы облысында – 235,3 мың бірлік
Алматы қаласында – 222,6 мың бірлік
Астана қаласында – 173,2 мың бірлік

Қарағанды облысында – 159,8 мың бірлік


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші