Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
132,8 мың бірлік автокөлік құралдары маусым айында есепке қойылды
15.08.2024
132,8 мың бірлік автокөлік құралдары маусым айында есепке қойылды

2024 жылғы маусымда 132,8 мың бірлік автокөлік есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3% кеміді.

Осылайша 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны

5 506,9 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандардың үлесі – 44,4%, 10 жылдан асқан бірақ 20 жылдан кем көлік үлесі – 23,6%, 7–10 жыл болғандар – 12,6%, 3-7 жыл аралығындағылар – 13,2% және автокөлік құралдарының тек 6,2%-ның шыққан жылы 3 жылдан аспайды. Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 325,2 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,7 мың бірлік, Жамбыл облысында – 168,8 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,9 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 154 мың бірлік.

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

Тізімге оралу