2026 жылғы қаңтар-сәуірде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5% өсіп, 1739,5 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ұлғаюы ғимараттар салу (41,2%), сондай-ақ құрылыс және жөндеу жұмыстары көлемінің артуымен байланысты.
Құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль және теміржолдар, сондай-ақ метро құрылысы (жалпы көлемнің 26,4%), тұрғын емес ғимараттарды салу (21,2%) және тұрғын үйлерді салу (11,3%) құрайды.
Аумақтық бөліністе республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау (3,7 есе), Қызылорда (27,5%), Жамбыл (27,3%), Павлодар (27,2%), Батыс Қазақстан (17%), Ақтөбе (13,1%), және Шығыс Қазақстан облыстарында (12,7%), Шымкент (33%) және Алматы қалаларында (17%) .
Пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 6334,1 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,9% өсіп, 5122,1 мың шаршы метрді құрады. Олардың ішінде 3464,1 мың шаршы метр - көппәтерлі, ал 1645,9 мың шаршы метр - жеке тұрғын үйлер. Тұрғын үйлердің басым бөлігін – 4952,4 мың шаршы метрді немесе 96,7% жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 1717,6 мың шаршы метрді халық пайдалануға тапсырды.
2026 жылғы қаңтар-сәуірде білім беру және денсаулық сақтау саласында 11280 орынға арналған 21 жалпы білім беретін мектеп, 1717 орынға арналған 17 мектепке дейінгі ұйым және ауысымда 65 келіп-кетушіге арналған 2 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді.