Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Құрылыс жұмыстарының орындалуы және объектілерді пайдалануға беру туралы
18.12.2025
Құрылыс жұмыстарының орындалуы және объектілерді пайдалануға беру туралы

2025 жылғы қаңтар-қарашада орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,7% өсіп, 8 141,5 млрд теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы имараттар (18,3%), тұрғын емес ғимараттар (11,9%) мен тұрғын ғимараттар (6,5%) құрылысы жұмыстарының және жөндеу жұмыстарының артуымен байланысты болды.

2025 жылғы қаңтар-қарашада орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлес автомобиль, теміржол мен метро (24,9%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 22%) және тұрғын үйлердің (12,3%) құрылысына тиесілі. 

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары 93,1%, шетелдік компаниялар – 6,2%, мемлекеттік мекемелер 0,7% орындады.

Аумақтық бөліністе құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы 19 өңірде байқалды. Едәуір өсім Алматы (38,3%) және Астана қалаларында (32,2%), Солтүстік Қазақстан (31,4%), Қызылорда (28,1%), Түркістан (27,8%), Қостанай (25,9%), Павлодар (21,4%), Жамбыл (20,4%) және Алматы облыстарында (20,2%) байқалды.


Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-қарашада пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 22 657,7 мың шаршы метрді құрады. 

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 3,9% көбейіп, 16 949 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде 10 948,2 мың шаршы метр – көп пәтерлі және 5863 мың шаршы метр – жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 15 520,9 мың шаршы метрін немесе 92%-ын жеке құрылысшылар, оның ішінде, 6 318,9 мың шаршы метрді халық тарапынан пайдалануға берілген.

2025 жылғы қаңтар-қарашада білім беру және денсаулық сақтау саласында 195 529 оқу орнына арналған  жалпы білім беретін 202 мектеп, 7 264 орынға арналған  мектепке дейінгі 46 ұйым, 644 орынға арналған 2 аурухана және бір ауысымда 4 349 келіп-кетушіге арналған 111 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

 


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші