Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248
қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл
шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды. Ауыл шаруашылығы санағының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінің егжей-тегжейлі және объективті бейнесі алынады, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алынады. |
|
Қаржыландыру көздері: | Республикалық бюджет қаражаты. |
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты мен міндеттері: |
- ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу; - өнімнің тиімділігін және ауылшаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу; - іріктемелі бақылаулар мен бір реттік жазбаларды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңарту. |
Өткізу мерзімдері: |
Ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі: - 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен; - сауалнаманы толтырмағандардың тізімін жасау үшін 20 күн ішінде одан әрі өңдеу жүргізіледі. - санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі. |
Санақ субъектілері: |
- заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, оның
ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа немесе
фермер қожалықтары; - жеке шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері (дача, бақша, көкөніс учаскелері) және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары |
Санақ объектілері: | Жер және егістік алқабы; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны; ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары; мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары; өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар |
Санақ қамтылуы: | Қазақстан Республикасының барлық аумағында |
Тартылған кадрлар: | Санаққа 5 мыңнан астам санақ қызметкерлерін – нұсқаушыларды, интервьюерлерді тарту жоспарлануда. |