Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ауыл шаруашылығы санағы
Ауыл шаруашылығы санағы
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.
Ауыл шаруашылығы санағының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінің егжей-тегжейлі және объективті бейнесі алынады, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алынады.
Қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет қаражаты.
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты мен міндеттері: - ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу;
- өнімнің тиімділігін және ауылшаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу;
- іріктемелі бақылаулар мен бір реттік жазбаларды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңарту.
Өткізу мерзімдері: Ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі:
- 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен;
- сауалнаманы толтырмағандардың тізімін жасау үшін 20 күн ішінде одан әрі өңдеу жүргізіледі.
- санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.
Санақ субъектілері: - заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қожалықтары;
- жеке шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері (дача, бақша, көкөніс учаскелері) және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары
Санақ объектілері: Жер және егістік алқабы; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны; ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары; мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары; өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар
Санақ қамтылуы: Қазақстан Республикасының барлық аумағында
Тартылған кадрлар: Санаққа 5 мыңнан астам санақ қызметкерлерін – нұсқаушыларды, интервьюерлерді тарту жоспарлануда.
Онлайн кеңесші