Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тізімдерін жасау жөніндегі нұсқаулар
Қазақстан Республикасында 2006 жылы Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуді дұрыс ұйымдастыру үшін және ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын барлық объектілерді толық қамтуды қамтамасыз ету үшін санақта 2005 жылдың 15
желтоқсанына барлық санаттағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тізімдері жасалады.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тізімдерінің деректері негізінде облыстық және аудандық деңгейде ауыл шаруашылығы санағын жүргізуді ұйымдастыру жоспары жасалады.
Тізімдер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің төмендегі санаттары бойынша жасалады:
Тізімдерді жасау тәртібі
Тізімдер ауылдық елді мекендер бойынша әрбір ауылдық (селолық), кенттік округ бойынша, сондай-ақ қалалық әкімшілік бойынша жеке жасалады.
«Республикалық бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссиясы, Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі 2005-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 15 ақпандағы №247 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы №1119 қаулысының 9-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің барлық объектілерінің
тізімін дұрыс жасау жауапкершілігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жүктеледі.
Тізімдер екі данада жасалады: біреуі аудандық статистика бөліміне жіберілсе, екіншісі ауылдық (селолық), кенттік округте немесе қалалық әкімшілікте қалады.
Тізімдердің бірінші парағында облыстың, ауданның және ауылдық (селолық), кенттік округтің немесе қалалық әкімшіліктің атауы толтырылуы тиіс.
№ 1-1-тізім «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын заңды тұлғалар».
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра
алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестік нысанында және заң актілерінде көзделген өзге де нысанда құрыла алады.
№ 1-1-тізімінде қызметінің негізгі түрі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылатын заңды тұлғалар көрсетіледі.
Барлық деректер ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік елді мекенінің аумағында орналасқан жер алаңдарыбар немесе оларды жалға алатын әрбір заңды тұлға бойынша жеке келтіріліп, заңды тұлғаның заңды мекен-жайы
көрсетіледі.
Бағандарды толтыру:
А бағаны бойынша – тізімге жазылған барлық заңды тұлғаларға ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік шегінде реттік нөмір беріледі.
Осы тізімдегі соңғы реттік нөмір осы ауылдық (селолық), кенттік округте немесе қалалық әкімшілікте орналасқан, тізімде жазылған заңды тұлғалардың санын көрсетеді.
Елді мекеннің толық атауы (1-баған) және оның ӘАОС коды (2-баған) жеке жолда жазылады.
ӘАОС – әкімшілік-аумақтық объектілердің ведомстволық сыныптауышы.
3-баған бойынша – заңды тұлғаның толық атауы жазылады. Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының атауын жазуда қысқартуларға жол беріледі: шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар – ШМК, жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (қазынашылық) – БМК, толымды серіктестіктер – ТС, коммандиттік серіктестіктер – КС, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – ЖШС, қосымша
жауапкершілікті серіктестіктер – ҚЖС, жабық тұрпатты акционерлік қоғамдар – ЖАҚ, ашық тұрпатты акционерлік қоғамдар ААҚ, акционерлік қоғамдар – АҚ, өндірістік кооперативтер – ӨК, өзге де қосалқы шаруашылықтар - ӨҚШ, мекемелер – М,
қоғамдық бірлестіктер – ҚБ, тұтыну кооперативтері – ТК, қорлар – Қ, діни бірлестіктер – ДБ, ассоциациялар нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері - ЗАБ, ауыл шаруашылығы серіктестіктері – АШС.
4-баған бойынша – КҰЖС коды – мемлекеттік органдар берген «Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте» көрсетілген деректер негізіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы.
5-баған бойынша – заңды тұлғаның мекен-жайы, яғни, облысының, ауданының, ауылдық (селолық) округінің, елді мекенінің, көшесінің, көлденең көшесінің атауы, үйінің нөмірі жазылады. Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Деректер
қысқарту, түзетусіз, анық және толық толтырылады, ал «облысы, ауданы» деген сөздер жазылмайды.
Мысалы:
Алматы, Еңбекшіқазақ, Қаракемер а/о, Қаракемер ауылы, Орымбетов көшесі, 20.
6-баған бойынша – заңды тұлғаның пайдалануындағы барлық жердің көлемі көрсетіледі.
7, 8 және 9-бағандар бойынша – заңды тұлға қызметінің негізгі бағыты көрсетіледі - өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы немесе аралас (өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы), яғни, көрсетілген бағыттардың бірі ғана.
Жауаптардың мынадай нұсқалары берілуі мүмкін:
7-баған бойынша – мына жауаптардың бірі жазылады: «иә» – егер заңды тұлға өсімдік шаруашылығымен айналысатын болса; «жоқ» – егер өсімдік шаруашылығымен айналыспайтын болса.
8-баған бойынша – мына жауаптардың бірі жазылады: «иә» – егер заңды тұлға мал шаруашылығымен айналысатын болса; «жоқ» – егер мал шаруашылығымен айналыспайтын болса.
9-баған бойынша – мына жауаптардың бірі жазылады: «иә» – егер заңды тұлға ауыл шаруашылығы өнімдерінің аралас өндірісмен айналысатын болса; «жоқ» – егер заңды тұлға ауыл шаруашылығы өнімдерінің аралас өндірісмен
айналыспайтын болса.
10-баған бойынша – қосымша мәліметтер жазылады.
№ 1-2-тізім «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын заңды тұлғалар».
№ 1-2- тізімінде қызметінің негізгі түрі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу болып табылатын заңды тұлғалар көрсетіледі.
Барлық деректер ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік елді мекенінің аумағында орналасқан жер алаңдарыбар немесе оларды жалға алатын әрбір заңды тұлға бойынша жеке келтіріліп, заңды тұлғаның заңды мекен-жайы
көрсетіледі.
Бағандарды толтыру:
А бағаны бойынша – тізімге жазылған барлық заңды тұлғаларға ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік шегінде реттік нөмір беріледі.
Осы тізімдегі соңғы реттік нөмір осы ауылдық (селолық), кенттік округте немесе қалалық әкімшілікте орналасқан, тізімде жазылған заңды тұлғалардың санын көрсетеді.
Елді мекеннің толық атауы (1-баған) және оның ӘАОС коды (2-баған) жеке жолда жазылады.
ӘАОС – әкімшілік-аумақтық объектілердің ведомстволық сыныптауышы.
3-баған бойынша – заңды тұлғаның толық атауы жазылады. Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының атауын жазуда қысқартуларға жол беріледі: шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар – ШМК, жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (қазынашылық) – БМК, толымды серіктестіктер – ТС, коммандиттік серіктестіктер – КС, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – ЖШС, қосымша
жауапкершілікті серіктестіктер – ҚЖС, жабық тұрпатты акционерлік қоғамдар – ЖАҚ, ашық тұрпатты акционерлік қоғамдар ААҚ, акционерлік қоғамдар – АҚ, өндірістік кооперативтер – ӨК, өзге де қосалқы шаруашылықтар - ӨҚШ, мекемелер – М,
қоғамдық бірлестіктер – ҚБ, тұтыну кооперативтері – ТК, қорлар – Қ, діни бірлестіктер – ДБ, ассоциациялар нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері - ЗАБ, ауыл шаруашылығы серіктестіктері – АШС.
4-баған бойынша – КҰЖС коды – мемлекеттік органдар берген «Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте» көрсетілген деректер негізіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы.
5-баған бойынша – заңды тұлғаның мекен-жайы, яғни, облысының, ауданының, ауылдық (селолық) округінің, елді мекенінің, көшесінің, көлденең көшесінің атауы, үйінің нөмірі жазылады. Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Деректер
қысқарту, түзетусіз, анық және толық толтырылады, ал «облысы, ауданы» деген сөздер жазылмайды.
Мысалы:
Алматы, Еңбекшіқазақ, Қаракемер а/о, Қаракемер ауылы, Орымбетов көшесі, 20.
6-баған бойынша – заңды тұлғаның пайдалануындағы барлық жердің көлемі көрсетіледі.
7-баған бойынша – қызметінің түрі көрсетіледі. Мысалы: жеміс-жидек өнімдерін, ет, сүт өңдеу және т.с.с.
№ 1-3-тізімі «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаумен айналысатын заңды тұлғалар».
№ 1-3-тізімінде қызметінің негізгі түрі – ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау болып табылатын заңды тұлғалар көрсетіледі.
Барлық деректер ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік елді мекенінің аумағында орналасқан жер алаңдарыбар немесе оларды жалға алатын әрбір заңды тұлға бойынша жеке келтіріліп, заңды тұлғаның заңды мекен-жайы
көрсетіледі.
Бағандарды толтыру:
А бағаны бойынша – тізімге жазылған барлық заңды тұлғаларға ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік шегінде реттік нөмір беріледі.
Осы тізімдегі соңғы реттік нөмір осы ауылдық (селолық), кенттік округте немесе қалалық әкімшілікте орналасқан, тізімде жазылған заңды тұлғалардың санын көрсетеді.
Елді мекеннің толық атауы (1-баған) және оның ӘАОС коды (2-баған) жеке жолда жазылады.
ӘАОС – әкімшілік-аумақтық объектілердің ведомстволық сыныптауышы.
3-баған бойынша – заңды тұлғаның толық атауы жазылады. Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының атауын жазуда қысқартуларға жол беріледі: шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар – ШМК, жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (қазынашылық) – БМК, толымды серіктестіктер – ТС, коммандиттік серіктестіктер – КС, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – ЖШС, қосымша
жауапкершілікті серіктестіктер – ҚЖС, жабық тұрпатты акционерлік қоғамдар – ЖАҚ, ашық тұрпатты акционерлік қоғамдар ААҚ, акционерлік қоғамдар – АҚ, өндірістік кооперативтер – ӨК, өзге де қосалқы шаруашылықтар - ӨҚШ, мекемелер – М,
қоғамдық бірлестіктер – ҚБ, тұтыну кооперативтері – ТК, қорлар – Қ, діни бірлестіктер – ДБ, ассоциациялар нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері - ЗАБ, ауыл шаруашылығы серіктестіктері – АШС.
4-баған бойынша – КҰЖС коды – мемлекеттік органдар берген «Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте» көрсетілген деректер негізіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы.
5-баған бойынша – заңды тұлғаның мекен-жайы, яғни, облысының, ауданының, ауылдық (селолық) округінің, елді мекенінің, көшесінің, көлденең көшесінің атауы, үйінің нөмірі жазылады. Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Деректер
қысқарту, түзетусіз, анық және толық толтырылады, ал «облысы, ауданы» деген сөздер жазылмайды.
Мысалы:
Алматы, Еңбекшіқазақ, Қаракемер а/о, Қаракемер ауылы, Орымбетов көшесі, 20.
6-баған бойынша – заңды тұлғаның пайдалануындағы барлық жердің көлемі көрсетіледі.
7-баған бойынша – қызметінің түрі көрсетіледі. Мысалы: картоп, көкніс, жидек, астық сақтау және т.с.с.
Адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бiрлестiгi шаруа (фермер) қожалығы деп
танылады.
Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгiлерi болмаған жағдайда кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар шаруа (фермер) қожалығы субъектiлерi болып табылады.
№ 2-1-тізім «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтары».
№ 2-1-тізімінде қызметінің негізгі түрі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылатын шаруа (фермер) қожалықтары көрсетіледі.
Барлық деректер ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік елді мекенінің аумағында орналасқан жер алаңдарыбар немесе оларды жалға алатын әрбір шаруа (фермер) қожалығы бойынша жеке келтіріліп, шаруа (фермер)
қожалығының заңды мекен-жайы көрсетіледі.
Бағандарды толтыру:
А бағаны бойынша – тізімге жазылған барлық шаруа (фермер) қожалықтарына ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік шегінде реттік нөмір беріледі.
Осы тізімдегі соңғы реттік нөмір осы ауылдық (селолық), кенттік округте немесе қалалық әкімшілікте орналасқан, тізімде жазылған шаруа (фермер) қожалықтарының санын көрсетеді.
Елді мекеннің толық атауы (1-баған) және оның ӘАОС коды (2-баған) жеке жолда жазылады.
ӘАОС – әкімшілік-аумақтық объектілердің ведомстволық сыныптауышы.
3-баған бойынша – шаруа (фермер) қожалығының толық атауы жазылады. Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының атауын жазуда қысқартуларға жол беріледі: шаруа (фермер)
қожалығы – ШФҚ.
4-баған бойынша – шаруа (фермер) қожалығы басшысының тегі, аты, әкесінің аты жазылады. Мұны жазу үшін бірнеше жол берілуі мүмкін.
5-баған бойынша – шаруа (фермер) қожалығы басшысының тұрғылықты жерінің мекен-жайы, яғни, облысының, ауданының, ауылдық (селолық) округінің, елді мекенінің, көшесінің, көлденең көшесінің атауы, үйінің нөмірі жазылады. Мұны
жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Деректер қысқарту, түзетусіз, анық және толық толтырылады, ал «облысы, ауданы» деген сөздер жазылмайды.
Мысалы:
Алматы, Еңбекшіқазақ, Қаракемер а/о, Қаракемер ауылы, Орымбетов көшесі, 20 немесе
Шығыс Қазақстан, Бесқарағай, Бесқарағай а/о, Большая Владимировка ауылы, Фрунзе көшесі, 10, 2-пәтер.
6-баған бойынша – салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) жазылады – оны салық инспекциясы береді.
7-баған бойынша – шаруа (фермер) қожалығының пайдалануындағы барлық жердің көлемі көрсетіледі.
8, 9 және 10-бағандар бойынша – шаруа (фермер) қожалығы қызметінің негізгі бағыты көрсетіледі - өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы немесе аралас (өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы), яғни, көрсетілген бағыттардың бірі
ғана. Жауаптардың мынадай нұсқалары берілуі мүмкін:
8-баған бойынша – мына жауаптардың бірі жазылады: «иә» – егер шаруа (фермер) қожалығы өсімдік шаруашылығымен айналысатын болса; «жоқ» – егер өсімдік шаруашылығымен айналыспайтын болса.
9-баған бойынша – мына жауаптардың бірі жазылады: «иә» – егер шаруа (фермер) қожалығы мал шаруашылығымен айналысатын болса; «жоқ» – егер мал шаруашылығымен айналыспайтын болса.
10-баған бойынша – мына жауаптардың бірі жазылады: «иә» – егер заңды тұлға ауыл шаруашылығы өнімдерінің аралас өндірісімен айналысатын болса; «жоқ» – егер заңды тұлға ауыл шаруашылығы өнімдерінің аралас өндірісімен
айналыспайтын болса.
11-баған бойынша – қосымша мәліметтер жазылады.
№ 2-2-тізім «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтары».
№ 2-2-тізімінде қызметінің негізгі түрі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу болып табылатын шаруа (фермер) қожалықтары көрсетіледі.
Барлық деректер ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік елді мекенінің аумағында орналасқан жер алаңдарыбар немесе оларды жалға алатын әрбір шаруа (фермер) қожалығы бойынша жеке келтіріліп, шаруа (фермер)
қожалығының заңды мекен-жайы көрсетіледі.
Бағандарды толтыру:
А бағаны бойынша – тізімге жазылған барлық шаруа (фермер) қожалықтарына ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік шегінде реттік нөмір беріледі.
Осы тізімдегі соңғы реттік нөмір осы ауылдық (селолық), кенттік округте немесе қалалық әкімшілікте орналасқан, тізімде жазылған шаруа (фермер) қожалықтарының санын көрсетеді.
Елді мекеннің толық атауы (1-баған) және оның ӘАОС коды (2-баған) жеке жолда жазылады.
ӘАОС – әкімшілік-аумақтық объектілердің ведомстволық сыныптауышы.
3-баған бойынша – шаруа (фермер) қожалығының толық атауы жазылады. Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының атауын жазуда қысқартуларға жол беріледі: шаруа (фермер)
қожалығы – ШФҚ.
4-баған бойынша – шаруа (фермер) қожалығы басшысының тегі, аты, әкесінің аты жазылады. Мұны жазу үшін бірнеше жол берілуі мүмкін.
5-баған бойынша – шаруа (фермер) қожалығы басшысының тұрғылықты жерінің мекен-жайы, яғни, облысының, ауданының, ауылдық (селолық) округінің, елді мекенінің, көшесінің, көлденең көшесінің атауы, үйінің нөмірі жазылады. Мұны
жазуға бірнеше жол беріледі. Деректер қысқарту, түзетусіз, анық және толық толтырылады, ал «облысы, ауданы» деген сөздер жазылмайды.
Мысалы:
Алматы, Еңбекшіқазақ, Қаракемер а/о, Қаракемер ауылы, Орымбетов көшесі, 20 немесе
Шығыс Қазақстан, Бесқарағай, Бесқарағай а/о, Большая Владимировка ауылы, Фрунзе көшесі, 10, 2-пәтер.
6-баған бойынша – салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) жазылады – оны салық инспекциясы береді.
7-баған бойынша - шаруа (фермер) қожалығының пайдалануындағы барлық жердің көлемі көрсетіледі.
8-баған бойынша – қызметінің түрі көрсетіледі. Мысалы: жеміс-жидек өнімдерін, ет, сүт өңдеу және т.с.с.
№ 2-3-тізім «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтары».
№ 2-3 -тізімінде қызметінің негізгі түрі – ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау болып табылатын шаруа (фермер) қожалықтары көрсетіледі.
Барлық деректер ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік елді мекенінің аумағында орналасқан жер алаңдарыбар немесе оларды жалға алатын әрбір шаруа (фермер) қожалығы бойынша жеке келтіріліп, шаруа (фермер)
қожалығының заңды мекен-жайы көрсетіледі.
Бағандарды толтыру:
А бағаны бойынша – тізімге жазылған барлық шаруа (фермер) қожалықтарына ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік шегінде реттік нөмір беріледі.
Осы тізімдегі соңғы реттік нөмір осы ауылдық (селолық), кенттік округте немесе қалалық әкімшілікте орналасқан, тізімде жазылған шаруа (фермер) қожалықтарының санын көрсетеді.
Елді мекеннің толық атауы (1-баған) және оның ӘАОС коды (2-баған) жеке жолда жазылады.
ӘАОС – әкімшілік-аумақтық объектілердің ведомстволық сыныптауышы.
3-баған бойынша – шаруа (фермер) қожалығының толық атауы жазылады. Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының атауын жазуда қысқартуларға жол беріледі: шаруа (фермер)
қожалығы – ШФҚ.
4-баған бойынша – шаруа (фермер) қожалығы басшысының тегі, аты, әкесінің аты жазылады. Мұны жазу үшін бірнеше жол берілуі мүмкін.
5-баған бойынша – шаруа (фермер) қожалығы басшысының тұрғылықты жерінің мекен-жайы, яғни, облысының, ауданының, ауылдық (селолық) округінің, елді мекенінің, көшесінің, көлденең көшесінің атауы, үйінің нөмірі жазылады. Мұны
жазуға бірнеше жол беріледі. Деректер қысқарту, түзетусіз, анық және толық толтырылады, ал «облысы, ауданы» деген сөздер жазылмайды.
Мысалы:
Алматы, Еңбекшіқазақ, Қаракемер а/о, Қаракемер ауылы, Орымбетов көшесі, 20 немесе
Шығыс Қазақстан, Бесқарағай, Бесқарағай а/о, Большая Владимировка ауылы, Фрунзе көшесі, 10, 2-пәтер.
6-баған бойынша – салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) жазылады – оны салық инспекциясы береді.
7-баған бойынша - шаруа (фермер) қожалығының пайдалануындағы барлық жердің көлемі көрсетіледі.
8-баған бойынша – қызметінің түрі көрсетіледі. Мысалы: астық, картоп, көкөніс, жидек сақтау және т.с.с.
№ 3-тізім Ауылдық және қалалық жердегі үй шаруашылықтары.
Үй шаруашылықтары – заңды тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін біріктіретін (толық немесе ішінара) және тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін (тұрғын үй және тамақ өнімдері, т.б.) бірлесіп тұтынатын
адамдардың шағын тобынан тұратын институционалдық бірліктер.
Жеке қосалқы шаруашылық – ауылдық және қаламаңындық аймақта орналасқан жер учаскесінде өз мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрі.
Жер жеке қосалқы шаруашылықтарға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдалануға, иелікке және меншікке беріледі.
Барлық деректер ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік елді мекенінің аумағында орналасқан жер алаңдарыбар немесе оларды жалға алатын әрбір үй шаруашылығы бойынша жеке келтіріліп, үй шаруашылығының заңды
мекен-жайы көрсетіледі.
Бағандарды толтыру:
А бағаны бойынша – тізімге жазылған барлық үй шаруашылықтарына ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік шегінде реттік нөмір беріледі.
Осы тізімдегі соңғы реттік нөмір осы ауылдық (селолық), кенттік округте немесе қалалық әкімшілікте орналасқан, тізімде жазылған үй шаруашылықтарының санын көрсетеді.
Елді мекеннің толық атауы (1-баған) және оның ӘАОС коды (2-баған) жеке жолда жазылады.
ӘАОС – әкімшілік-аумақтық объектілердің ведомстволық сыныптауышы.
3-баған бойынша – үй шаруашылығы басшысының тегі, аты, әкесінің аты жазылады. Мұны жазу үшін бірнеше жол берілуі мүмкін.
4-баған бойынша – үй шаруашылығы басшысының тұрғылықты жерінің мекен-жайы, яғни, облысының, ауданының, ауылдық (селолық) округінің, елді мекенінің, көшесінің, көлденең көшесінің атауы, үйінің нөмірі жазылады. Мұны жазуға
бірнеше жол берілуі мүмкін. Деректер қысқарту, түзетусіз, анық және толық толтырылады, ал «облысы, ауданы» деген сөздер жазылмайды.
Мысалы:
Алматы, Еңбекшіқазақ, Қаракемер а/о, Қаракемер ауылы, Орымбетов көшесі, 20 немесе
Шығыс Қазақстан, Бесқарағай, Бесқарағай а/о, Большая Владимировка ауылы, Фрунзе көшесі, 10, 2-пәтер.
5-баған бойынша – салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) жазылады – оны салық инспекциясы береді.
6-баған бойынша – үй шаруашылығының пайдалануындағы барлық жердің көлемі көрсетіледі.
Үй шаруашылығын жүргізу үшін осы ауылдық округ шегіндегі және одан тыс жерлерді де пайдалануға болады. Үй шаруашылығындағы жер көлемі туралы деректер шаршы метрлерде (нақтылығы 0,01 шаршы метрге дейін) толтырылуы тиіс. Соттықтарды
шаршы метрлерге аудару үшін үй шаруашылығының соттықпен өлшенген жер көлемін 100-ге көбейту керек.
7-баған бойынша – ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының нақты бары туралы белгі қойылады: «иә» – егер үй шаруашылығында ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстары бар болса. «жоқ» – егер үй шаруашылығында ауыл
шаруашылығы жануарлары мен құстары жоқ болса.
№ 4-тізім Саяжай учаскелері.
Ұжымдық бақтар мен бақшалар (саяжай учаскелері) – жер пайдалану нысаны, мұнда жер бағбандық пен бау-бақша өсіру үшін азаматтар ұжымына бөліп беріледі.
Барлық деректер ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік елді мекенінің аумағында орналасқан жер алаңдарыбар немесе оларды жалға алатын әрбір саяжай учаскесі бойынша жеке келтіріліп, саяжай учаскесінің заңды
мекен-жайы көрсетіледі.
Бағандарды толтыру:
А бағаны бойынша – тізімде жазылған барлық саяжай кооперативтеріне ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік шегінде реттік нөмір беріледі.
Осы тізімдегі соңғы реттік нөмір осы ауылдық (селолық), кенттік округте немесе қалалық әкімшілікте орналасқан, тізімде жазылған саяжай учаскелерінің санын көрсетеді.
Б бағаны бойынша – кооператив ішіндегі, тізімде жазылған барлық саяжай учаскелеріне осы саяжай кооперативі шегінде реттік нөмір беріледі.
Елді мекеннің толық атауы (1-баған) және оның ӘАОС коды (2-баған) жеке жолда жазылады.
ӘАОС – әкімшілік-аумақтық объектілердің ведомстволық сыныптауышы.
3-баған бойынша – саяжай кооперативінің толық атауы жазылады. Мұны жазуға бірнеше жол берілуі мүмкін. Саяжай кооперативі атауын жазуда қысқартуларға жол беріледі: саяжай кооперативі – СК.
4-баған бойынша – саяжай учаскесі иесінің тегі, аты, әкесінің аты жазылады. Саяжай учаскесінің мекен-жайында тек көшесі, үйінің нөмірі (егер бар болса) көрсетіледі. Мұны жазу үшін бірнеше жол берілуі мүмкін.
5-баған бойынша – салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) жазылады – оны салық инспекциясы береді.
6-баған бойынша – бөлінген жер учаскесін иелену актісі негізінде саяжай кооперативіндегі учаскенің нөмірі жазылады.
7-баған бойынша – саяжай учаскесінің барлық жер көлемі көрсетіледі. Саяжай учаскелерін жүргізу үшін осы ауылдық округ шегіндегі және одан тыс жерлерді де пайдалануға болады. Саяжай учаскесіндегі жер көлемі туралы деректер шаршы
метрлерде (нақтылығы 0,01 шаршы метрге дейін) толтырылуы тиіс. Соттықтарды шаршы метрлерге аудару үшін үй шаруашылығының соттықпен өлшенген жер көлемін 100-ге көбейту керек.
8-баған бойынша – ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының нақты бары туралы белгі қойылады: «иә» – егер саяжай учаскесінде ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстары бар болса. «жоқ» – егер саяжай учаскесінде
ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстары жоқ болса.
Ауылдық (селолық), кенттік округ және қалалық әкімшілік бойынша жиынтық кесте.
Осы ауылдық (селолық), кенттік округ немесе қалалық әкімшілік бойынша барлық санаттардағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тізімдері жасалғаннан кейін «Ауылдық (селолық), кенттік округ және қалалық әкімшілік бойынша
жиынтық кесте» атты келесі кестенітолтыру қажет.
Б:
Деректер – осы елді мекен аумағында орналасқан шаруашылық санаттары бойынша объектілер саны - әрбір елді мекен бойынша жеке жазылады.
А бағаны бойынша – ауылдық (селолық) кенттік округ немесе қалалық әкімшілік шегінде жазбаның реттік нөмірі жазылады.
Б бағаны бойынша – елді мекеннің толық атауы жазылады.
1-баған бойынша № 1-1-тізіміне сәйкес берілген елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын заңды тұлғалардың жалпы саны жазылады.
2-баған бойынша № 1-2-тізіміне сәйкес берілген елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын заңды тұлғалардың жалпы саны жазылады.
3-баған бойынша № 1-3-тізіміне сәйкес берілген елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаумен айналысатын заңды тұлғалардың жалпы саны жазылады.
4-баған бойынша № 2-1-тізіміне сәйкес берілген елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарының жалпы саны жазылады.
5-баған бойынша № 2-2 тізіміне сәйкес берілген елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарының жалпы саны жазылады.
6-баған бойынша № 2-3-тізіміне сәйкес берілген елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарының жалпы саны жазылады.
7-баған бойынша № 3-тізімге сәйкес берілген елді мекен бойынша үй шаруашылықтарының жалпы саны жазылады.
8-баған бойынша № 4-тізімге сәйкес берілген елді мекен бойынша саяжай учаскелерінің жалпы саны жазылады.
9-баған бойынша қосымша мәліметтер жазылады.
«Округ бойынша ЖИЫНЫ» жолы бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әрбір санаты бойынша - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 -бағандарында тиісті бағандардағы деректерді жиынтықтау жолымен жиынтық деректерді есептеу
қажет.
«Округ бойынша ЖИЫНЫ» жолы бойынша шаруашылық санаттары бойынша объектілер саны ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әрбір санаты бойынша тізімдегі жазбаның соңғы реттік нөміріне сәйкес келуі тиіс.