Қазақстанда бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізілді, бірінші кезеңде, 2006 жылы – «Өсімдік шаруашылығы» саласы бойынша, екінші кезеңде, 2007 жылы – «Мал шаруашылығы» саласы бойынша. Ауыл шаруашылығы санағы нәтижесінде аграрлық саланың жағдайы туралы нақты объективті көрінісі алынды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және аграрлық және жер реформаларымен байланысты олардың мүмкіндіктері, елдің азық-түліктік ресурстарын қалыптастыруда әр ауыл шаруашылығы санаттарының рөлі туралы толық деректер алынды. | |
Қаржыландыру көздері: | Республикалық бюджет қаражаты. |
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты: | Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу. |
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу міндеттері: |
1. барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің толық сапалы сипаттамаларын алу; 2. казақстандық ауыл шаруашылығы статистикасының халықаралық стандарттармен салғастырымдылығын камтамасыз ету: 3. тіркелімді зерттеу және өзектендіру үшін базистік шама ретінде қолдану үшін барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі жиынтығын құру; 4. алынған статистикалық деректерді сапалы өңдеуді және талдауды және оларға пайдаланушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету. |
Өткізу мерзімдері: |
Ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңмен өткізілді: Бірінші кезең 2006 жылғы 10 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өткізілді, өсімдік шаруашылығының мына көрсеткіштері зерттеледі: -жер аумағы; -ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алқабы және олардық сұрыптық құрамы; -түрлері, сұрыптары және олардың жас құрамы бойынша жеміс жидек екпелерді және жүзімдіктердің алаңдары; -минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану. Санақтың I-кезеңінің бірсәтті күні – 2006 жылғы 1 тамыз.
Екінші кезең 2007 жылғы 14 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өткізілді, мал шаруашылығының мына көрсеткіштері зерттелді: |
Санақ субъектілері: | Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын негізгі және қайталама түрлерімен заңды тұлғалар, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен және сақтаумен айналысатын, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін (ветеринариядан басқа) кәсіпорындар, шаруа (фермер) қожалықтары; ауылдық және қалалық жерлердегі үй шаруаршылықтары; саяжай участкелерінің иелері. |
Санақ объектілері: | Жер және егістік алқабы; ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының басы; ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтары; мал шаруашылығы кешендері және құс фабрикалары; өндірістік құрылыстары және ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын ұстау үшін жайлары; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау үшін құрылыстар мен құрылымдар; жөндеу шеберханалары мен гараждар; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған шағын цехтер. |
Санақ қамтылуы: | 2,5 мың ауылдық және кенттік округтер; 7,5 мың елді мекендер, 9 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 194 мың шаруа (фермер) қожалықтары, 2,2 млн үй шаруашылықтары және 560 саяжай учаскелері санақпен қамтылған. |
Тартылған кадрлар: | Санақты өткізуге шамамен 40 мыңдай санақ кадрлары – статистиктер, нұсқаушылар, интервьюерлер, деректерді енгізу операторлары тартылған болатын |
Жарияланым: |
Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының алдын ала нәтижелері алты томда жарияланды (2007 жыл). Санақтың соңғы нәтижелерінің тоғыз томдық жарияланымы аяқталуда (2008 жылғы 1-жартыжыл). «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңынынң 15-бабына сәйкес екінші ұлттық санағы 2015 жылдан кеш емес өткізіледі. |