Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Халық санағы
Перепись населения 2009
2009 ж. ҚР халықтың Ұлттық санағының қорытындылары

«Қазақстан Республикасының 2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындылары» Талдамалы есебі

2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы. Қысқаша қорытындылар. (*.doc форматында жүктеу)

Қазақстан Республикасының халқы (1 том)

Қазақстан Республикасының халқы (2 том)

Қазақстан Республикасындағы ұлттық құрам, діни наным және тілдерді меңгеру

Халықтың көші-қоны

Қазақстан Республикасындағы білім беру

Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтары (1 том)

Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтары (2 том)

Неке және отбасы

Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы (1 том)

Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы (2 том)

Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы (3 том)

Қазақстан Республикасы халқының табысы және күнкөріс қаражатының көздері

Қазақстан Республикасындағы ерлер және әйелдер

Қазақстан Республикасының жастары

Қазақстан Республикасының балалары

Қазақстан Республикасындағы әйелдер

Егде жастағы халық

Қала портретi

Ауыл портретi

Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрғын үй сипаттамасы

Жаңалықтар
11.10.2011
«2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары» талдамалы есебіне қатысты талқылау бойынша дөңгелек үстелін өткізу туралы

2011 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасы статистика агенттігі Қазақстандағы БҰҰ халық саласынағы қорымен (ЮНФПА) бірге «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары» талдамалы есебінің (бұдан әрі – Талдамалы есеп) алдын ала нұсқасын талқылауға  арналған дөңгелек үстелін ұйымдастырды.

Талдамалы есеп ҚР статистика агенттігі мамандарынмен Қазақстандағы БҰҰ халық саласынағы қорының (ЮНФПА) техникалық қолдауымен дайындалды. Дөңгелек үстелге ҚР Парламент Мажилісінің Депутаттары (Әлеуметтік-мәдени даму комитеті және Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті), ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі өкілдері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел отырысын ҚР статистика агенттігі Төрағасы Ә.А. Смайылов ашты. Өзінің сөзінде ол қатысушыларды 2009 жылғы ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі даярлық және ұйымдастырушылық жұмыстардың барлық кезеңдері, 2009-2010 жылдардағы санақ деректерін өңдеу барысында туындаған проблемалық мәселелер сондай-ақ 2009 жылғы санақ қорытындылары бойынша жариялым жұмыстарының жүрісі туралы хабардар етті.

Дөңгелек үстелде Талдамалы есептің алдын-ала нұсқасы презентацияланды. Халық санағының қорытындылары Қазақстан Республикасында өткен 10 жылда болған үлкен экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді бейнелейді. Елде халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы: жалпы республика бойынша, қала және ауыл халқы бойынша, аумақтық бөліністегі, жынысы және жасы бойынша, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, дін ұстанымы, білім деңгейі, тілдерді меңгеру дәрежесі, үй шаруашылықтарының саны және мөлшері, тұрғын үй жағдайлары және басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша  маңызды өзгерістер атап көрсетілді.

Санақаралық кезеңде халық саны 6,9%-ға өсіп, 16 млн. адамнан асты. Елде 125 ұлттар мен ұлыстар өкілдері өмір сүреді. Халықтың білім деңгейі айтарлықтай жоғарылады, әсіресе ол жоғары, аяқталмаған жоғары және орташа арнайы білімі бар халықтың санынан байқалады. 2009 жылғы санақ Қазақстанның жаппай сауатты ел екендігін растады. Халықтың тұрғын үй жағдайы жақсарды, жұмыспен қамтылған халық үлесі артты.

Сонымен қатар жеке аумақтардағы халық санының кему үрдісі және оның қартаюы,  халықтың, орташа неке жасының үлғаюы, некеде тұрған ерлер мен әйелдер үлесінің төмендеуі, соның салдарынан нуклеарлы үй шаруашылықтары (жанұялардың) санының едәуір қысқаруы байқалды.

Дөңгелек үстел қатысушылары Талдамалы есептің негізгі бөлімдерін талқылап, орындалған жұмысқа жалпы оң бағасын берді. Сонымен қатар Есепті әрі қарай жетілдіру бойынша бірқатар ескертпелер мен ұсыныстар айтылды.

Осы ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары» талдамалы есебі жөнделеді, қазақ және орыс тілдерінде жариялау үшін баспаға жіберіледі. Сонымен қатар ол үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) пайдаланушылар үшін ҚР статистика агенттігінің http://www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында қол жетімді болады.

2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары

Орындаушы: Әлеуметтік және демографиялық
статистика департаментінің директоры
Баспасөз қызметі: Почталық мекен жай:
Ә.Р. Икамбаева Г. Қоқанова Динара Әлімова 010000, Астана қаласы
тел. 8(7172)74 93 37 А.  тел. 8(7172)74 90 61   Телефон: 8(7172) 74-92-57 Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8,
Ikambayeva@stat.kz G.Kukanova@stat.kz dalimova@stat.kz «Министрліктер үйі», 4 кіреберіс ҚР Статистика агенттігі

14.01.2011
2009 жылғы халықтың Ұлттық санағының қорытындылары бойынша 16 тақырыптық сериялы жарияланымдар дайындалды

2009 жылғы халықтың Ұлттық санағының қорытындылары бойынша 2010 жылы 20 томнан тұратын қазақ және орыс тілдерінде (барлығы 40 том) 16 тақырыптық сериялы жарияланымдар дайындалды.

Жинақтар ҚР Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz сайтындағы «2009ж. ҚР халық санағы» айдарында орналасқан.

2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 16009,6 мың адамды құрады.

Санақаралық кезең ішінде республика халқының саны 1028,3 мың адамға өсті (6,9%).

Халықтың жекелеген жас топтары құрылымында өсім байқалады: еңбек жасындағы (халықаралық стандарт бойынша 15-64 жасты құрайтындар) халық және егде жастағы (65 жас және одан үлкен) адамдар үлесі көбейген, бірақ сонымен қатар балалардың (0-14 жас) үлесі төмендеген. Сонымен бірге республикада 60 және одан жоғары жас болып саналатын егде жастағы халық үлесі 1,2 пайыздық пунктке төмендеген.

Халықтың сауаттылығы 99,5%-дан 99,7%-ға дейін артты, сондай-ақ халықтың білім деңгейі, әсіресе жоғары, аяқталмаған жоғары және орта арнаулы білімі бар халық санатында айтарлықтай өсті. Негізгі орта, жалпы орта, сондай-ақ бастауыш білімі бар халықтың үлесі төмендеген.

5 мыңнан астам адамда ғылым докторы, 17,5 мың адам - ғылым кандидаты және 1,7 мың адам – PhD докторы ғылыми дәрежесіне ие. 50 мыңнан астам адамның 2 және одан жоғары білімі бар, оның ішінде 23,8 мыңы – ерлер, ал 27,5 мыңы - әйелдер.

 Санақаралық кезеңде жұмыспен қамтылған халық саны 1,6 есеге көбейген және 6599,5 мың адамды құраған. Жұмыспен қамтылған халықтың ең жоғары үлесі 20-49 жас тобында және сонымен қатар алдыңғы санақпен салыстырғанда олардың үлесі едәуір өскен, яғни  жұмыспен қамтылған халық құрылымында жасару байқалады.

Еліміздегі отбасылар саны 13,8%-ға, соның ішінде қалалық отбасылар 3,4%-ға, ауылдық отбасылар – 30,3%-ға көбейді. Алайда отбасылардың орташа көлемі 4 адамнан 3,5 адамға дейін азайған.

Республикада 2 адамнан (30,1%), 3 адамнан (26,7%), 4 адамнан (22,2%) тұратын отбасылар кеңінен таралған. Небары 11,7% - 5 адамнан, 5,6% - 6 адамнан, 1,9% - 7 адамнан тұратын отбасыларды құраған. 8-10 және одан көп адамнан тұратын отбасылар үлесі өте төмен – 0,2%-дан.

Санақаралық кезеңде республикаға ТМД елдерінен келген көшіп-қонушылардың айтарлықтай саны Өзбекстаннан келген көшіп-қонушыларға келеді – 58,8%, Ресейден – 20,6%, Түрікменстаннан – 10,7% және Қырғыз Республикасынан – 5,4%. Басқа елдерден келгендер арасында айтарлықтай үлеске Қытайдан - 52,6% және Монғолиядан - 24% келген көшіп-қонушылар ие.

Тақырыптық жинақтардың 16 сериясының презентациясы

Орындаушы: Әлеуметтік және демографиялық статистика
Департаментінің Директоры
Баспасөз қызметі: Почталық мекен жай:
Міртемірова Р.Қ Г. Қоқанова Динара Жандаева 010000,Астана қаласы
тел. 8(7172)74 93 37 тел. 8(7172)74 90 61 Телефон:8(7172)74-92-57 Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі,8,
rmertemirova@stat.kz G.Kukanova@stat.kz dzhandaeva@stat.kz «Министрліктер үйі», 4 кіреберіс ҚР Статистика агенттігі

29.11.2010
Жарияланған «Ұлттық халық санағының қысқаша қортындылары» жинағы тақырыбында брифинг өтті

«2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы. Қысқаша қорытындылар» статистикалық жинағының презентациясы.

2009 жылғы Қазақстан Республикасының  Ұлттық  халық санағының нәтижелері бойынша (әрі қарай ХС2009) «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы. Қысқаша қорытындылар»  cтатистикалық жинағы қазақ  және орыс тілдерінде  жарыққа шықты. Жинақтың электрондық нұсқасы ҚР Статистика агенттігінің сайтында орналасқан.

Жинақта Қазақстан Республикасы бойынша халық санағы өткен (1959, 1970, 1979, 1989, 1999 и 2009жж.) жылдар ішінде тұрақты халық санының өзгеруі туралы деректер жарияланып отыр. Тұрақты халық саны (санақ өткізу күніне – 2009ж. 25 ақпанына)  өңірлер бөлінісінде,   қала және ауылдық халық бойынша және жынысы мен этностар бөлінісінде жарияланды. Қорытындылар абсолюттік  және салыстырмалы түрде келтірілген. 2009 жылғы тұрақты халық саны алдыңғы (1999ж.) санақ деректерімен салыстырылып берілді.

Жинақта 1999 және 2009 жылдар арасындағы кезеңдегі жекелеген ұлттар  бойынша халық санының  өзгерістері туралы деректер жарияланды. Азаматтық алған елдері бойынша халық саны келтірілген. Ана тілі туралы және халықтың жеке тілдерді меңгеру деңгейі туралы деректер көрсетілген. Халықтың дін ұстануы туралы деректер жарияланды.

Қазақстанда саны бойынша неғұрлым көп болып табылатын қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және немістер, олардың үлесіне елдің 95,6% халқы жатады. Жекелеген ұлттардың өңірлер бойынша орналасуына қарай республика халқы әртекті. Санақ өткізілу күніне Қызылорда облысындағы халықтың барлық санындағы 95% -дан астам үлесін  қазақтар құраса, келесі облыстарда: Маңғыстау - 88,2%, Ақтөбе – 79,4%, Оңтүстік Қазақстан - 72,3%, Батыс Қазақстан - 72,2% және Жамбыл - 71,4% құрады; тиісінше бұл өңірлерде орыстар саны аз болды. Өзбектердің барлық санының 87,9% Оңтүстік Қазақстанда, ал ұйғырлардың 95,8% Алматы облысы мен Алматы қаласында  шоғырланған (64,1% және 31,7% тиісінше). Немістердің 70%-дан астамы  Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облысында тұрған, ал кәрістердің 80% -дан астамы – Алматы қаласында, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында.

Жекелеген этностар ана тілі ретінде өздерінің ұлттарынан өзге тілдерді атаған, негізінен олар украиндар, немістер, белорустар, поляктар, кәрістер, татарлар – олардың үлес салмағы 49%-дан (татарлар) 90% (поляктар) аралығында.

Жекелеген тілдерді меңгеру сұрағы ХС2009 қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне қатысты және сұрақққа жауап мынадай болды: ауызша түсінемін, еркін оқимын, еркін жазамын. Еркін жаза алатын тұлға еркін оқып, ауызша түсінеді, ал еркін оқитын тұлға, әдеттегідей, ауызша да түсінеді деп тұспалданады. ХС1999мемлекеттік тілді меңгеру туралы сұраққа жауап мынадай болды: меңгеремін, нашар меңгеремін, меңгермеймін, үйренудемін.

Тұтастай ел бойынша (15 және одан үлкен жастағы) қазақ тілін меңгерген халықтың үлесі 74% құрады, қазақ тілін меңгергендер үлесінің көбеюі орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар, немістер және белорустар арасында байқалды. Орыс тілін жоғарыда аталған этностардың 90%-дан астамы меңгерген. Ағылшын тілін меңгергендер қазақтар, орыстар, ұйғырлар және татарлар арасында бірқатар жоғары (12,6-17,2%).

Ауыл халқы арасында ерлер мен әйелдер арақатынасы қала халқынан едәір басым түсті, 1000 әйелге 991 ер адамнан келеді (қала халқында – 1000 әйелге 880 ер адам).

Өңірлер бөлінісінде санақ аралық кезеңде жыныстар арақатынасында едәір айырмашылық қалыптасты: егер Астана қаласында 1999 жылы 1000 әйелге 874 ер адамнан келсе, 2009 жылы – ол 959 болды, ал Алматы қаласында осы арақатынас 829-дан 850-ге көбейді. Бұл арақатынас Павлодар облысында  1000 әйелге 911-ден 888 және Қостанай облысында 913-тен 892 ер адамға дейін едәуір азайды.

Халықтың діни ұстануы туралы сұрақ алғашқы рет 2009ХС санақ парағына енгізілген болатын. Елдегі халықтың 70%-дан астамы ислам, ал халықтың 26,2% христиан діндерін ұстанады. Қала халқымен салыстырғанда ауыл халқынан ислам дінін ұстанатындардың үлесі жоғары, және 61,2%-ға қарағанда 80% -дан астамын құраған. Ал христиан діні қала халқы арасында  көбірек таралған, ауыл халқының 16,8%-на қарағанда 34,2% құрады. Өңірлер бөлінісінде ислам дінін ұстанатын халықтың үлесі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы және Ақтөбе облыстарында жоғары, олардың үлес салмағы 80%-дан 96% аралығында. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары халқының  50%-дан астамы және Қарағанды мен Павлодар облыстары халқының 40%-дан астамы христиан дінін ұстанған. Осы екі негізгі діни ұстаным түрлері бойынша ерлер мен әйелдердің үлесі тиісінше қала халқында, сол сияқты ауыл халқында шамамен бірдей. 


12.11.2010
2009 жылғы халықтың ұлттық санағының қорытындылары

2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 16009,6 мың адамды құрады.

Санақаралық кезең ішінде республика халқының саны 1028,3 мың адамға өсті, өткен 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6,9% құрады.

Қала халқының саны 8662,4 мың адамды, ауыл халқы – 7347,2 мың адамды құрады. Сонымен бірге, қала халқының саны 206,6 мың адамға немесе 2,4%-ға, ал ауыл халқы 821,7 мың адамға немесе 12,6%-ға өсті. Елдегі қала халқының үлесі 54,1%, ауыл халқы – 45,9% құрады, 1999 жылы олардың ара-қатынасы тиісінше 56,4% және 43,6% құраған еді. Ең шаһарланған өңірлер Қарағанды (мұнда 77,5%-дан астамы қала халқын құрайды), Павлодар (68%) және Ақтөбе (61%) облыстары болып табылады. Ауыл халқы негізінен Алматы (барлық халықтың 76,9%-ы), Солтүстік Қазақстан (60,2%), Қызылорда (58,1%) және Жамбыл (60,4%) облыстарында шоғырланған.

Ерлер саны 7712,2 мың адамды, әйелдер – 8297,4 мың адамды құрады. Өткен санақпен салыстырғанда ерлер саны 496,8 мың адамға немесе 6,9%-ға, ал әйелдер саны – 531,5 мың адамға немесе 6,8%-ға өсті. Ерлер мен әйелдер санының ара-қатынасы әйел халқы үлесінің  ерлерден артуымен қалыптасты (тиісінше 51,8% және 48,2%). 1999 және 2009 жылдардағы халық санағы бойынша әрбір 1000 әйелге 929 ер адамнан келген.

Жекелеген этностардың өзгерісі санақаралық кезең ішінде келесі деректермен сипатталады:

Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,0%-ға өсті және 10096,8 мың адамды құрады. Өзбектер саны 23,3%-ға өсіп, 457,0 мың адамды, ұйғырлар – 6,8%-ға өсіп, 224,7 мың адамды құрады. Орыстар саны 15,3%-ға азайып, 3793,8 мың адамды құрады, немістер - 49,5%-ға азайып, 178,4 мың адамды, украиндар – 39,1%-ға  азайып, 333,0 мың адамды, татарлар – 18,0%-ға азайып, 204,2 мың адамды, басқа этностар -  4,8%-ға азайып, 721,7 мың адамды құрады.

Ел халқының жалпы санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-ды, орыстар – 23,7%-ды, өзбектер  – 2,9%-ды, украиндар  – 2,1%-ды, ұйғырлар – 1,4%-ды, татарлар  – 1,3%-ды, немістер – 1,1%-ды және басқа этностар – 4,5%-ды құрады.

Халықтың жалпы санынан - 15850,7 мың адамды, Қазақстан Республикасының азаматтары (99,0 %) елдің барлық халқынан), басқа мемлекеттер азаматтары – 101,6 мың.       (0,6 %) және 57,3 мың (0,4 %) азаматтығы жоқтар құрады.

Қазақстанда діни нанымын көрсеткендер халықтың жалпы санынан ислам - 11237,9 мың немесе 70,2%-ды, христиан 4190,1 мың (26,2%), иудаизм – 5,3 мың (0,0%), буддизм -14,6 мың (0,1%) және басқалар – 30,1 мың адамды (0,2%-ды) құрады. Дінге сенбейтіндер - 2,8% (450,5 мың адам) және көрсетуден бас тартқандар 0,5% (81,0 мың адам).

Республика халқының саны 2010 жылдың 1 қазанына 2009 жылғы санақты есепке алғанда жедел ақпараттар бойынша  саны 16372 мың адамды құрады. Қазақтар саны 10458 мың адамды құрады, халықтың жалпы санынан үлесі - 63,9%.

2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағының қорытындысы туралы.

Орындаушы: Әлеуметтік және демографиялық
статтистика Департаментінің Директоры
Баспасөз қызметі: Почталық мекен жай:
Міртемірова Р.Қ Г. Қоқанова Динара Жандаева 010000, Астана қаласы
тел. 8(7172)74 93 37 тел. 8(7172)74 90 61 Телефон:8(7172)74-92-57 Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8,
rmertemirova@stat.kz G.Kukanova@stat.kz dzhandaeva@stat.kz «Министрліктер үйі», 4 кіреберіс ҚР Статистикаагенттігі

24.02.2009
Қазақстан Республикасы Президентінің үндеуі

Президент ел тұрғындарын халық санағына белсене қатысуға шақырды

Күні ертең, яғни, 25 ақпанда елімізде жалпыұлттық халық санағы басталады. 10 жылда бір өтетін ең үлкен әлеуметтік сауалнаманың мемлекетіміз үшін маңызы зор. Қоғамның басты байлығы – адам десек, сол елдің экономикалық өсімі - халықтың санына, білімі мен мәдениеті және өмір сүру деңгейіне байланысты болады. Мемлекетті өркендетіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін де жалпыұлттық санақтың берері мол. Осыған орай президент Нұрсұлтан Назарбаев, еліміздің әр азаматын, отанымыз үшін аса маңызды халық санағына белсенді қатысып, бұл іс-шараны асқан ұйымшылдықпен өткізуге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев,Қазақстан Республикасының президенті:

- Құрметті отандастар! Ертең елімізде Ұлттық халық санағы басталады. Бұл акция Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері екінші рет өткізіліп отыр. Өткен санақтан бері он жыл өтті. Өмір өзгерді. Жағдай өзгерді. Халық өзгерді. Бұл сондықтан еліміз үшін аса жауапты, әрі маңызды іс-шара болып табылады. Бүгінгідей жаңа технология дами түсіп, ғылыми әлеует алдыңғы қатарға шыққан уақытта, әрбір мемлекет ең әуелі адам ресурсымен ерекшеленеді. Адам ресурсы дегеніміз, ол – сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі. Кез-келген мемлекеттің экономикалық өсімі халықтың санына, білімі, мәдениеті мен өмір сүру деңгейі және өзге де өлшемдер бойынша көрсеткіштерге тікелей байланысты болады. Бүгінде әлемді алаңдатып отырған мынау қаржы дағдарысы, екінші жағынан алып қарағанда, жаңаланудың, жаңғырудың басы болады. Экономиканың барлық салалары жаңа сатыға көтерілуге дайындықта. Дағдарыстан соң келетін мұндай өсу кезеңіне сай әр адамның жеке дайындығы болуы тиіс. Адам жаңармай, адам сауатты болмай, біз экономиканы жаңа сатыға көтере алмаймыз. Барлық елдер жаңғыруға ұмтылып жатқан уақытта, біз артта қалмауымыз керек.
Бұл орайда, тәуелсіздік жылдары біздің еліміздің қол жеткізген жетістіктері аз емес. Жаңаша өмір сүруде, жаңа сауатты ұрпақ тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Республика тұрғындарының жалақысы бұдан он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, бес есеге дейін өсті. Қазақстан білім дамуының индексі бойынша Азия өңірінде бірінші орынға көтерілген болса, азаматтардың сауаттылығы деңгейі бойынша 177 елдің арасында 14 орынға ие. Бұдан халқымыздың сан жағынан да, сапа жағынан да жаңа деңгейге көтерілгенін көріп отырмыз. Осындай жері бай, елі қазыналы, қызыр қонып, құт дарыған мекеннің иесі – сіздер мен біздер боламыз, қазақстандықтар. Сондықтан да халқымыздың өсіп-өркендеуі, мемлекетіміздің нығаюы – баршамыз үшін ең маңызды міндет.
Құрметті отандастарым! Еліміздің өсіп-өркендеуі мақсатында, болашақты болжап, стратегиялық бағыттарымызды тағы да айқындай түсу үшін, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін, мемлекетке ел, жер, экономика, әлеуметтік жағдай жөнінде нақты мәліметтер қажет. Жалпы, елімізде алғашқы халық санағы өткен уақыттан бері әрбір жанұяда болсын, экономикамызда болсын, елеулі өзгерістер болғаны өздеріңізге аян. Осының бәрін тағы да айқындап алу үшін халықтың жаңа санағын өткізуге бел буып отырмыз.
Сондықтан ертеңгі Ұлттық халық санағына әрқайсыңызды Қазақстанның азаматы ретінде белсене қатысуға және оны ұйымшылдықпен өткізуге баршаңызды шақырамын.


30.01.2009
Агенттік интерактивті сабақ өткізді

28 қаңтарда төрт жүзге жуық қазақстандық мектептер елімізде 2009 жылғы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында өтетінхалықтың ұлттық санағына арналған интерактивті сабақтың қатысушылары болды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында мемлекеттік органдардың өткізген тізімін толықтырды.

Өткізілген интерактивті сабақтардың ең қызықтыларының қатарына оқушылардың өздері еліміздің жолдарындағы апаттар және жол апаттарынан сақтау бойынша қолданылатын шаралар туралы ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен, елімізді азық-түлік қауіпсіздігімен қамсыздандыру жайында ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен, «Әскер Отанды қорғау үшін» тақырыбында қорғаныс министрлігі қызметкерлерімен және қазіргі жағдайдағы өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралытөтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерімен он-лайн байланысына жатқызды.Алдағы халық санағы жайында пікір алмасу қызықты болды. Оқушылармен ҚР Статистика агенттігі демографиялық және әлеуметтік статистика департаментінің директоры Әсия Касеноваон-лайн келіссөзін жүргізді. Ол алдағы халықтың ұлттық санағының мақсаты мен міндеті, ол қалай өткізіледі және іс-шара қарсаңында өткізілетін дайындық шаралары туралы айтып берді.

Оқушылар өздерінің сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Оларды, мысалға, неге санақ кезінде 45 сұрақ қойылады және бұл көп емес пе,алынған мәліметтердің құпиялылығы қалай сақталады, санақшылар қандай болады, санаққа қатысқысы келмейтін азаматтарға жауапкершілікқарастырылған ба сияқты сұрақтар ойландырды. Оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтар бойынша департаменттің директоры толыққанды жауаптар мен түсініктемелер берді.

Что такое перепись?

Перепись 2009 - это единовременный подсчёт всех людей, семей и домохозяйств, находящихся в Республике Казахстан
Перепись проводится регулярно, один раз в 10 лет.
Ближайшая перепись пройдёт с 25 февраля по 6 марта текущего года.
Ваше участие в переписи очень важно как для страны, так и для Вас.
Ответ на вопросы переписчика займет у Вас не более 10 минут.
Конфиденциальность собранных данных гарантируется Конституцией Республики Казахстан.

Как выглядит переписчик?

Переписчик обязан иметь при себе:

  • удостоверение переписчика,
  • синий портфель с символикой переписи,
  • ярко-синий шарф с символикой переписи,
  • официальные бланки переписных листов
Онлайн кеңесші