Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Халықаралық рейтингтер
Халықаралық рейтингтер

Бүгінгі таңда Ұлттық статистикалық басқармалардың (ҰСБ) ең танымал халықаралық рейтингтері OpenDataWatch халықаралық ұйымының «Ашық деректерді түгендеу (ODIN)» және Дүниежүзілік Банктің «Статистикалық тиімділік индикаторлары (SPI)» болып табылады.

АШЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ТҮГЕНДЕУ (THE OPEN DATA INVENTORY - ODIN)

Ашық деректерді түгендеу (The Open Data Inventory - ODIN) олқылықтарды анықтау, ашық деректер саясатын ілгерілету, қолжетілімділікті жақсарту және Ұлттық статистикалық басқармалар (ҰСБ) мен деректерді пайдаланушылар арасындағы диалогты ынтыландыру үшін ресми статистиканың қамтуы мен ашықтығын бағалайды.

ODIN-де бағаланған деректер ұлттық статистика басқармасының (ҰСБ) веб-сайтында немесе ҰСБ-ның веб-сайтынан сілтеме жасалған елдің кез келген басқа ресми веб-сайтында жарияланған ел бойынша ресми деректер болуы керек.

2024 жылғы ODIN рейтингі 198 елді қамтиды, ал Қазақстан 72 ұпаймен 44-орынға ие болды. Жалпы ұпай деректердің қамтылуы бойынша 74 және деректердің ашықтығы бойынша 70 баллдан тұратын біріктірілген көрсеткіш болып табылады.

ODIN сарапшыларының ұсыныстарымен жүргізілген жұмыстың арқасында 2022 жылғы рейтингпен салыстырғанда Қазақстан позициясын жақсартты (2022 жыл – 195 елдің ішінде 51-орын, жалпы ұпай 63 ұпай).

Екі құрамдас бойынша да көрсеткіштер жақсарды: мүмкін болатын 100 ұпайдан «Қол жеткізу» (50-ден 74-ке дейін) және «Ашықтық» (55-тен 70-ке дейін). Әсіресе, «Қамту» көрсеткіші бойынша Қазақстан жоғары нәтиже көрсетіп, 198 елдің ішінде 14-орынды иеленді.

Сонымен қатар, екі бағыт бойынша да, деректермен қамту және деректердің ашықтығы бойынша, жақсартуды талап ететін бірқатар мәселелер әлі де бар (төмендегі суретті қараңыз).

Қазақстан бойынша толығырақ ақпарат мына сілтемеде орналастырылған: https://odin.opendatawatch.com/Report/countryProfileUpdated/KAZ?year=2022 .

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ЖЫЛ САЙЫН СТАТИСТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ (THE STATISTICAL PERFORMANCE INDICATORS - SPI)

Дүниежүзілік банк жыл сайын Статистикалық тиімділік көрсеткіштері (The Statistical Performance Indicators (SPI)) бойынша ақпаратты жариялайды.

SPI мақсаты – ұлттық статистикалық жүйелердің жетілу деңгейі мен тиімділігін бағалау – жаһандық өркендеу мен прогреске қол жеткізу үшін маңызды пайдаланушыға бағытталған, сенімді және жоғары сапалы ресми статистиканы алу. SPI бағалау әртүрлі критерийлер бойынша жүргізіледі, олар 5 негізгі бағытты, 22 өлшемді және әртүрлі деректер көздерінен 50-ден астам көрсеткіштерді біріктіреді.

SPI шеңберінде елдерді бағалау:

  • ұлттық статистикалық жүйенің жетілуін түсінуге ықпал етуге;
  • жүйенің салыстырмалы күшті және әлсіз жақтарын белгілеуге;
  • жақсы тәжірибелердің мысалдарын көрсету;
  • прогресті бағалауға;
  • үнемі жетілдіруді ынталандыруға мүмкіндік береді.

2023 жылғы деректерге сәйкес, Қазақстанның Ұлттық статистикалық жүйесі 217 елдің ішінде SPI рейтингінде 100-ден 79,8 балл алып, 65-ші орынға ие болды. 5 компоненттің әрқайсысы туралы толық ақпарат төменде келтірілген.

65

SPI-2023

Рейтингтегі орны
Kazakhstan

79,8

Жалпы балл

90

1-Компонент: Деректерді пайдалану

89

2-Компонент: Деректерді ұсыну қызметтері

85

3-Компонент: Ақпараттық өнімдер

70

4-Компонент: Деректер көздері

65

5-Компонент: Деректер инфрақұрылымы

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылғы рейтингте екі орынға көтерілді, ал Қазақстанның ҰСЖ 65-ші орынға ие болды, ал жалпы балл 78,1-ден 79,8 балға дейін көтерілді.

Жалпы балдың өсуі негізінен «Деректер көздері» 4-компонентінің (+7,7) және «Деректер инфрақұрылымы» 5-компонентінің (+5) жоғарылауы есебінен орын алды, алайда «Ақпараттық өнімдер» 3-компонентінің (-4,4) және «Деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер» 2-компонентінің (- 0,3) төмендеуі орын алды.

Толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы көруге болады: https://datanalytics.worldbank.org/SPI/. .

Онлайн кеңесші