ҚАЗСТАТ жобасының іске асырылуы туралы
2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 520-IV Заңмен ратификацияланған Қазақстан Республикасы қайта жаңғырту мен дамытудың
Халықаралық Банкі арасындағы қарыз туралы келісім шеңберінде Статистика комитеті «ҚАЗСТАТ жобасы: ұлттық
статистикалық жүйені нығайту бойынша жобаны» сәтті іске асырды.
Жобаның негізгі мақсаты – халықаралық әдістемелер мен үздік тәжірибелерге сәйкес қажетті, уақтылы және анық
деректермен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату.
Жоба әртүрлі мемлекеттік органдарды қамтитын ресми статистиканың түрлі салаларындағы алты негізгі құрамдауыш пен 32
кіші құрамдауыш кіреді:
Жобаның жалпы соммасы 22,9 млн. АҚШ долларын (3360 млн. теңге) құрады, оның ішінде – Дүниежүзілік Банкінің қарызы
және 2,9 млн.АҚШ доллары (422 млн. теңге) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлесіп қаржыландыруы 20 млн. АҚШ
долларын (2938 млн. теңге) құрады.
Дестатис – Германияның Федералды статистикалық офисі бастаған Консторциумы Серіктес болды, сондай-ақ құрамға
Оңтүстік Корея, Словакия, Ресей, Чехия және Финляндия елдерінің статистикалық офистері кірді.
Жоба 2017 жылғы 30 сәуірде тараптардың соңғы кездесуімен аяқталды, онда Дүниежүзілік Банк өкілдеріне твиннингтік
серіктестік шеңберінде жемісті ынтымақтастық үшін алғыс және бұдан әрі ұзақ мерзімге ынтымақтастық мүмкіндігі
айтылды. Атап айтқанда, жыл сайынғы сыртқы сауда статистикасы бойынша «айналы деректерді» салыстыру арқылы
Дестатиспен сыртқы сауда (экстрастат) және өзара сауда (интрстат) статистикасы мәселелері бойынша келісімге қол
жеткізілді.
Жобаны іске асырудың нәтижесінде мынадай негізгі индекаторларға қол жеткізілді:
- 80-нен астам әдістеме қабылданды, сол арқылы халқаралық тәжірибені ескеріп, статистиканың барлық әдіснамалық
базасы толықтай қайта қаралды;
- Статистика комитетінің, аумақтық статистика органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымның және мүдделі
мемлекеттік органдардың 2000-нан астам мамандары оқытылды;
- Статистикалық құралдар жүйесі жетілдірілді, Статистика комитетінің қолданыстағы 80%-дан астам статистикалық
нысандары қайта қаралды және 2013 жылмен салыстырғанда жалпымемлекеттік статистикалық нысандар бойынша есептік
жүктеме 20% азайтылды;
- Германия, Оңтүстік Корея және Норвегия елдерінің тестілік лабораторияларының жұмыс істеу тәжірибесіне сәйкес
Статистика комитетінде статистикалық нысандарды (сұрақнамаларды) алдын-ала тестілеуден өткізу бөлмесі құрылды.
Осындай тәжірибені енгізу ресми статистиканың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде,
пайдаланушылардың кең таралған тобының Қазақстандағы ресми статистикалық деректерге сенімін арттырды және
респонденттермен кері байланысты жоғарылатты;
- 2015 жылдан бастап қоңырау қабылдау арқылы тығыз байланыс орнату және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында
Статистика комитетінің Ақпараттық қызметі өз жұмысын бастады;
- 2017 жылы статистикалық деректерді жинау сапасын жақсарту мақсатында жеке сауал салудың компьютерлендірілген
әдісі (ЖПКЖ) және телефон арқылы сауал салуды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
- ЖСКЖ құру мақсаты планшеттік құрылғыларды қолданумен, тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын зерттеулер
бойынша алғашқы деректерді жинауды автоматтандыру мен баға тіркелімдерін бағалау болып табылады;
- Телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесінің құрылу мақсаты шағын және фермерлік қожалықтарда
ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша алғашқы деректерді жинауды шалғайда орналасқан респонденттерден телефон
арқылы сауал салу әдісін енгізу болып табылады.
Аталған әдіс респонденттерді толықтай қамтуды, респонденттерден есептерді алу мерзімін қысқартуды, деректерді
бағдарламалық кешенге енгізу уақытын қысқартуды қамтамасыз етеді;
- 2017-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық жүйесін дамытудың мастер-жоспары
әзірленді.
Дүниежүзілік Банк өкілдерінің бағалауы бойынша ҚАЗСТАТ Қазақстандағы, сондай-ақ Орталық Азиядағы Дүниежүзілік Банк
қоржынындағы ең үздік және көрнекті жобаларының бірі болып табылады.