Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдардың саны және құрылымы
2021 жыл | 2022 жыл | |
---|---|---|
Барлығы | 272 | 281 |
Қалалық жер | 190 | 194 |
Ауылдық жер | 82 | 87 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын негізгі контингент – мүгедектігі бар адамдар. Олардың саны 24724 адамды немесе 2022 жылдың соңында қызмет көрсетілгендердің жалпы санының 61,3%-ын құрады.
2022 жылдың соңында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің саны 4331 адамды (17,5%) құрады, мінез-құлқындағы психикалық бұзылыстары бар - 19138 адам (77,4%).
Жартылай стационарлық жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
Стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруы жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерге көрсетуге арналған заңды тұлға.
Уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы уақытша (бір жылдан көп емес) болуы жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға.
Стационарлық үлгідегі ұйымдар - стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар).
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар - қызмет алушыларды ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған күндіз болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар.