2022 жылғы II тоқсандағы қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 64,9% мемлекеттік меншік ұйымдары, 33% жеке меншік ұйымдары және 2,1% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
Есепті кезеңде негізгі қызмет түрі бойынша ірі кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 490745,8 млн.теңгені (64,2%), шағын кәсіпорындар – 162858,3 млн. теңгені (21,3%) және орта кәсіпорындар – 110355,3 млн. теңгені (14,5%) құрады.
2020 | 2021 | |||
---|---|---|---|---|
Ағымдағы кірістер | Ағымдағы шығыстар | Ағымдағы кірістер | Ағымдағы шығыстар | |
Қазақстан Республикасы | 1 961 092 762 | 1 913 027 212 | 2 818 644 308 | 2 690 156 445 |
Ақмола | 74 369 152 | 73 097 886 | 114 881 118 | 109 739 516 |
Ақтөбе | 71 560 859 | 71 535 510 | 109 190 942 | 106 180 912 |
Алматы | 129 093 951 | 122 423 034 | 199 694 258 | 193 789 479 |
Атырау | 59 134 570 | 55 145 342 | 82 828 902 | 75 296 023 |
Батыс Қазақстан | 74 621 743 | 73 002 200 | 103 052 374 | 104 010 714 |
Жамбыл | 87 246 598 | 84 798 672 | 128 767 218 | 123 860 615 |
Қарағанды | 147 697 449 | 139 454 573 | 198 916 467 | 192 331 736 |
Қостанай | 77 380 540 | 78 996 391 | 104 398 703 | 107 683 891 |
Қызылорда | 73 509 925 | 72 736 554 | 98 082 469 | 95 144 539 |
Маңғыстау | 54 065 518 | 52 654 534 | 79 477 431 | 74 039 405 |
Павлодар | 85 375 488 | 86 903 406 | 126 264 168 | 123 847 501 |
Солтүстік Қазақстан | 60 392 500 | 60 082 987 | 76 226 070 | 79 550 764 |
Түркістан | 115 304 228 | 111 299 385 | 161 607 010 | 155 402 075 |
Шығыс Қазақстан | 135 684 231 | 135 936 776 | 175 821 494 | 179 348 047 |
Астана қ. | 271 617 818 | 270 064 787 | 385 131 715 | 360 870 804 |
Алматы қ. | 324 722 469 | 311 910 219 | 503 398 947 | 449 212 553 |
Шымкент қ. | 119 315 723 | 112 984 956 | 170 905 022 | 159 847 871 |
Көрсетілген қызмет көлемі – кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.
Негізгі қызмет түрі – кәсіпорынның іске асыратын кез-келген басқа қызметтерінің қосылған құнынан асатын қосымша құн қызметтерінің түрі саналады.
Қызметтің негізгі түрі - қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.
Қызметтің қосалқы түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.
Статистикалық бюллетеньде меншіктің, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліліктің барлық нысанындағы негізгі қызмет түрі денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың статистикалық деректері ұсынылды.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі, бюджет қаражаты мен кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалатын қызмет көрсетулердің көлемі қосылған құн салығынсыз көрсетіледі.
Халық төлеген қызмет көрсетулердің көлемі нақты төленген сомалардың мөлшерінде (яғни, ҚҚС-ты есепке алумен) көрсетіледі.