Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    19,9%
    2025 жылы Қазақстан Республикасында 2328 жазатайым оқиға тіркелді. Зардап шеккендер ішіндегі әйелдер үлесі 19,9% құрады. Соның ішінде 250 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, 408 – кәсіптік аурулардан, 23 - улану кезінде зардап шеккен.
    591
    Жазатайым оқиғаның нәтижесінде 591 адам жабық сынық, 450 - сыртқы жарақат, 264 - шайқалудан болған жарақат және ішкі ағзалардың жарақаты, 182 – басқа сынықтар (шығып кетумен), 133 – ашық сынық, 127 - термикалық күйіктер алды.
    Динамика
    Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер, соның ішінде өлімге алып келгендер
    адам
    Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер, соның ішінде өлімге алып келгендер саны
    2023 2024 2025
    Барлығы 2 670 2 471 2328
    Ірі және орта кәсіпорындар 2 244 2 100 1941
    Шағын кәсіпорындар 426 371 387

    Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Шығыс облысында сақталуда. 2025 жылы аталған өңірде 287 жағдай тіркелді, бұл жалпы жағдайлардың 12,3% құрайды. Екінші орында Қарағанды облысы - 277 адам (жалпы санының 11,9%) өндірісте жарақат алған.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Электронды кестеде жазатайым немесе кәсіптік аурулар тіркелеген барлық меншік нысанындағы және барлық заңды тұлғалар ұсынған деректер қамтылған.

    Өндірістік жарақат жағдайының өлшем бірлігі, яғни өндірісте болған жазатайым оқиғаның барысында жарақат алған бір адам жөніндегі деректер болып табылады.

    Глоссарий

    Өндірістегі жазатайым оқиға – жұмыс берушінің тапсырмасын немесе олардың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жұмысшыға кәсіптік фактордың әсері, соның нәтижесінде жарақат, жұмысшының кенеттен денсаулығының нашарлануы болды немесе улануы, жұмыс істеу қабілетінен уақытша немесе тұрақты айырылуға, кәсіптік сырқатқа немесе өлімге әкеп соққан.

    Еңбекке қабілеттілігін жоғалтумен және өлімге әкеп соқтырған жағдайлардан зардап шеккендер саны – зардап шеккендердің еңбек міндеттерін орындау кезінде кәсіпорын аумағында, сондай-ақ кәсіпорындарымен берілген келу немесе жұмыстан қайту уақытында болған жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер есепке алынды.

    Кәсіптік ауру – жұмысшыға олар өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты зиянды өндірістік факторлар әсерінен туындаған өткір және созылмалы ауру.

    Өндірісте болған жазатайым оқиғалардың материалдық салдары – зардап шеккен жұмысшыға кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейіне сәйкес оның жалақысына пайызбен есептелетін өтелген залалдың өлшемімен анықталады. Асыраушысының өлімі жағдайында, залалды өтеуіне құқығы бар тұлғаларға, залал мөлшері өзіне, оның асырауындағы еңбекке қабілетті, бірақ залал өтелуіне құқығы жоқ тұлғалардың үлесін алып тастаған асыраушының орташа айлық көлемінде өтеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Рахимова Ж.
    Тел.+77172749801
    E-mail: zh.rakhimova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс