Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    3 811,4 млрд.
    Ағымдағы денсаулық сақтау ұйымдарының кірісі есеп мәліметі бойынша 3811,4 млрд. теңгені құрады, соның ішінде ауруханалар кіріс үлесі - 2079,7 млрд. теңге (54,6%), жалпы дәрігерлік тәжірибесі - 599,2 млрд. теңге (15,7%), адамның денсаулығын сақтау бойынша басқа қызметтер - 554,5 млрд. теңге (14,5%), арнайы дәрігерлік тәжірибиесі - 208,1 млрд. теңге (5,5%), стоматологиялық қызмет - 193,9 млрд. теңге (5,1%), әлеуметтік қызмет көрсету – 176,1 млрд. теңге (4,6%) құрады.
    3 703,8 млрд.
    2024 жылғы денсаулық сақтау ұйымдарының ағымдағы шығыны 3703,8 млрд. теңгеі, жұмыс күшін ұстауға жұмсалған шығынның жалпы сомасы ең үлкен үлес салмағын құрады, олардың көлемі 1952,6 млрд. теңге (52,7%) және алынған қызметтер бойынша шығындар - 449,2 млрд. теңге (12,1%) құрады. Қалған шығыстар - 1302,3 млрд. теңге (35,2%) құрады.
    Динамика
    Табыстар және шығыстар
    мың теңге
      2024 жыл
    ағымдағы табыстар ағымдағы шығыстар
    Қазақстан Республикасы 3 811 466 957 3 703 837 187
    Абай 114 571 559 109 420 323
    Ақмола 114 673 851 120 155 572
    Ақтөбе 146 375 106 142 140 887
    Алматы 171 360 362 163 531 367
    Атырау 123 502 195 105 883 979
    Батыс Қазақстан 123 869 854 121 997 462
    Жамбыл 161 317 909 153 371 946
    Жетісу 103 960 069 103 439 031
    Қарағанды 219 901 587 220 634 110
    Қостанай 129 666 356 138 223 675
    Қызылорда 147 394 400 145 565 796
    Маңғыстау 118 046 734 115 372 594
    Павлодар 152 082 092 153 572 118
    Солтүстік Қазақстан 97 779 093 100 296 053
    Түркістан 236 419 745 224 636 768
    Ұлытау 28 401 932 33 507 291
    Шығыс Қазақстан 140 249 876 144 086 977
    Астана қаласы 572 747 141 526 856 536
    Алматы қаласы 681 461 427 662 117 342
    Шымкент қаласы 227 685 669 219 027 360
    Глоссарий

    Негізгі қызмет түрі – кәсіпорынның іске асыратын кез-келген басқа қызметтерінің қосылған құнынан асатын қосымша құн қызметтерінің түрі саналады.

    Активтер – дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар.

    Табыстар – есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, ол капиталға қатысушы адамдардың жарнасына байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

    Негізгі құралдар – бұл тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруде немесе жеткізуде пайдалану үшін, басқа адамдарға жалға беру, құнын өсіру немесе әкімшілік мақсаттар үшін субъект ұстап қалатын, бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалану ұйғарылған материалдық активтер.

    Шығыстар – есептi кезең iшiнде активтердiң шығуы немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы адамдарға бөлуге байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Статистикалық кестелерде денсаулық сақтау саласындағы негізгі қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы мәліметтер ұсынылды.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Г.Маханбетова
    Тел. +7 7172 749256
    E-mail: G.Makhanbetova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші