Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер, соның ішінде өлімге алып келгендер саны | |||
2022 | 2023 | 2024 | |
Барлығы | 2 449 | 2 670 | 2 471 |
2 084 | 2 244 | 2 100 | |
Ірі және орта кәсіпорындар | |||
365 | 426 | 371 |
Жарақат алудың ең төменгі көрсеткіші Жетісу облысында (20 адам), Шымкент қаласында (30 адам) және Солтүстік Қазақстан облысында (38 адам) тіркелді.
Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар: дорсалгия (274 адам); құрамында кремний бар шаң тудырған пневмокониоз (129 адам).
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің көпшілігі – бірінші ауысымдағы жұмыс істеген 30 жастан 45 жасқа дейінгі білікті жұмысшылар.
Электронды кестеде жазатайым немесе кәсіптік аурулар тіркелеген барлық меншік нысанындағы және барлық заңды тұлғалар ұсынған деректер қамтылған.
Өндірістік жарақат жағдайының өлшем бірлігі, яғни өндірісте болған жазатайым оқиғаның барысында жарақат алған бір адам жөніндегі деректер болып табылады.
Өндірістегі жазатайым оқиға – жұмыс берушінің тапсырмасын немесе олардың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жұмысшыға кәсіптік фактордың әсері, соның нәтижесінде жарақат, жұмысшының кенеттен денсаулығының нашарлануы болды немесе улануы, жұмыс істеу қабілетінен уақытша немесе тұрақты айырылуға, кәсіптік сырқатқа немесе өлімге әкеп соққан.
Еңбекке қабілеттілігін жоғалтумен және өлімге әкеп соқтырған жағдайлардан зардап шеккендер саны – зардап шеккендердің еңбек міндеттерін орындау кезінде кәсіпорын аумағында, сондай-ақ кәсіпорындарымен берілген келу немесе жұмыстан қайту уақытында болған жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер есепке алынды.
Кәсіптік ауру – жұмысшыға олар өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты зиянды өндірістік факторлар әсерінен туындаған өткір және созылмалы ауру.
Өндірісте болған жазатайым оқиғалардың материалдық салдары – зардап шеккен жұмысшыға кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейіне сәйкес оның жалақысына пайызбен есептелетін өтелген залалдың өлшемімен анықталады. Асыраушысының өлімі жағдайында, залалды өтеуіне құқығы бар тұлғаларға, залал мөлшері өзіне, оның асырауындағы еңбекке қабілетті, бірақ залал өтелуіне құқығы жоқ тұлғалардың үлесін алып тастаған асыраушының орташа айлық көлемінде өтеледі.
Динамикалық кестелер: