Электронды кестеде 2024 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдардың көрсеткіштері көрсетілген.
2022 | 2023 | 2024 | |
Барлығы | 281 | 291 | 304 |
Қалалық жер | 194 | 208 | 214 |
Ауылдық жер | 87 | 83 | 90 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарында тұратын негізгі контингент – мүгедектігі бар адамдар. Олардың саны 25309 адамды немесе 2024 жылдың соңында қызмет көрсетілгендердің жалпы санының 60,8%-ын құрады.
2024 жылдың соңында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің саны 4619 адамды (17,7%) құрады, мінез-құлқындағы психикалық бұзылыстары бар - 20314 адам (78%).
Стационарлық үлгідегі ұйымдар - стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар).
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар - қызмет алушыларды ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған күндіз болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар.
Уақытша болу ұйымдары - тұрғылықты жері жоқ адамдардың тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған ұйымдар.
Жартылай стационарлық жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
Стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруы жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерге көрсетуге арналған заңды тұлға.
Уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы уақытша (бір жылдан көп емес) болуы жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға.