Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    333
    2025 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық бизнес тізіліміне сәйкес Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының және «Санаториялық-курорттық ұйымдардың қызметі» саласында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны: қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары – 333, оның ішінде экономикалық қызметтің негізгі түрімен – 216, экономикалық қызметтің қайталама түрімен – 50, жеке кәсіпкерлік субъектілері: экономикалық қызметтің негізгі түрімен – 41, экономикалық қызметтің қайталама түрімен – 26.
    287
    Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдарының жалпы санынан: шағын кәсіпорындар – 287 бірлік, орта кәсіпорындар – 38 бірлік, ірі кәсіпорындар – 8 бірлік.
    288
    Меншік түрлері бойынша: жеке меншік – 288 (86,5%), мемлекеттік меншік – 44 (13,2%), шетелдік меншік – 1 (0,3%).
    Динамикалық кесте
    2025 жылғы 1 қаңтардағы белсенді жұмыс жасап тұраған сауықтыру-емдеу және медициналық ұйымдарының саны
    бірлік
      Барлығы Қалалық жер Ауылдық жер
    Қазақстан Республикасы 333 158 175
    Абай 7 2 5
    Ақмола 20 8 12
    Ақтөбе 7 7 -
    Алматы 22 4 18
    Атырау 4 4 -
    Батыс Қазақстан 3 - 3
    Жамбыл 16 9 7
    Жетісу 9 4 5
    Қарағанды 13 13 -
    Қостанай 8 5 3
    Қызылорда 17 6 11
    Маңғыстау 7 4 3
    Павлодар 7 4 3
    Солтүстік Қазақстан 3 2 1
    Түркістан 117 19 98
    Ұлытау 1 1 -
    Шығыс Қазақстан 6 - 6
    Астана қаласы 12 12 -
    Алматы қаласы 34 34 -
    Шымкент қаласы 20 20 -
    Глоссарий

    Санаторийлік-курорттық ұйым – медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді, курорттарда немесе емдеу-сауықтыру орындарында орналасқан табиғи факторларды пайдалана отырып сауықтыру және қалпына келтіру жөніндегі санаторийлік-курорттық қызметтерді ұсынатын ұйымдар: санаторийлер (ересектерге, ересектер мен балаларға, балаларға арналған), студенттік санаторий-профилакторийлер, балалардың оңалту-сауықтыру орталығы).

    Негізгі қызмет түрі – қосылған құны шаруашылық жүргізуші субъекті жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі – негізгіден басқа үшінші тұлғалар үшін өнім (тауарлар мен қызметтер) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын қызмет түрі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Электрондық кестелерде Бизнестің статистикалық тіркелімі ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі - СБР АЖ) алынған мәліметтер негізінде «Сауықтыру-емдеу ұйымдарының қызметі» бойынша Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес әрекет ететін белсенді заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің саны көрсетіледі.

    Барлық деректер СБР АЖ алынды. Бұл жүйе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – субъектілер) туралы мәліметтерді қамтиды.

    СБР АЖ-да есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасының тиісті тіркеу органдарында мемлекеттік немесе есептік тіркеуден өткен субъектілер үшін жүзеге асырылады.

    Байланысты жарияланымдарға сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Г. Маханбетова
    Тел. +7 7172 749256
    E-mail: g.makhanbetova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші