2023 жылы | ||
ағымдағы табыс | ағымдағы шығыс | |
Қазақстан Республикасы | 3 471 225 241 | 3 345 687 913 |
Абай | 102 710 730 | 100 536 576 |
Ақмола | 109 967 718 | 114 261 906 |
Ақтөбе | 126 050 556 | 128 462 502 |
Алматы | 150 105 880 | 146 299 816 |
Атырау | 115 615 479 | 99 859 965 |
Батыс Қазақстан | 111 916 063 | 112 539 067 |
Жамбыл | 151 387 783 | 143 614 624 |
Жетісу | 93 222 778 | 92 399 274 |
Қарағанды | 201 693 970 | 201 358 218 |
Қостанай | 124 707 335 | 130 251 058 |
Қызылорда | 158 317 887 | 141 000 959 |
Маңғыстау | 106 862 733 | 104 463 637 |
Павлодар | 134 854 518 | 132 561 659 |
Солтүстік Қазақстан | 88 986 057 | 90 821 389 |
Түркістан | 207 519 029 | 198 980 300 |
Ұлытау | 35 244 777 | 31 351 364 |
Шығыс Қазақстан | 129 872 506 | 135 803 821 |
Астана қаласы | 499 755 085 | 459 483 669 |
Алматы қаласы | 619 599 066 | 589 720 246 |
Шымкент қаласы | 202 835 291 | 191 917 863 |
Негізгі қызмет түрі – кәсіпорынның іске асыратын кез-келген басқа қызметтерінің қосылған құнынан асатын қосымша құн қызметтерінің түрі саналады.
Активтер – дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар.
Табыстар – есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, ол капиталға қатысушы адамдардың жарнасына байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.
Негізгі құралдар – бұл тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруде немесе жеткізуде пайдалану үшін, басқа адамдарға жалға беру, құнын өсіру немесе әкімшілік мақсаттар үшін субъект ұстап қалатын, бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалану ұйғарылған материалдық активтер.
Шығыстар – есептi кезең iшiнде активтердiң шығуы немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы адамдарға бөлуге байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.
Статистикалық кестелерде денсаулық сақтау саласындағы негізгі қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы мәліметтер ұсынылды.