Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    834 338,9 млн.
    2022 жылғы IV тоқсанда Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтермен көрсетілген ұйымдарымен, негізгі және қосалқы түрі бойынша қызмет көрсетілген қызметтердің көлемі 834338,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде 76,9% бюджет есебінен, 14,4% - халықтан түскен қаражат есебінен, 8,7% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
    432 165,9 млн.
    Қызметтердің ең үлкен көлемі негізгі және қосалқы түрі бойынша қызмет ауруханалық мекемелердің қызметі есебінен қалыптасты, олармен 432165,9 млн. теңге (51,8%) сомасында қызмет көрсетілді. Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 151979,2 млн.теңге (18,2%) сомасында және денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметті жүргізетін ұйымдар - 135502,5 млн. теңге (16,2%) сомасында қызмет көрсетті.
    45 363,3
    Қызметтің негізгі және қосалқы түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін арнайы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар - 45363,3 (5,4%) сомасында, стомотологиялық қызметпен айналысатын ұйымдар - 32437,8 млн. теңге (3,9%) сомасында, тұруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар -29082,4 млн. теңге (3,5%) сомасында және тұруды қамтамасыз етусіз, әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар - 7807,8 млн.теңге (0,9%) сомасында қызмет көрсетті.
    64,1%
    2022 жылғы IV тоқсанының қорытындысы бойынша негізгі және қосалқы қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 64,1% мемлекеттік меншік ұйымдары, 33,6% жеке меншік ұйымдары және 2,2% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
    516 793,1 млн.
    Есепті кезеңде негізгі және қосалқы қызмет түрі бойынша ірі кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 516793,1 млн.теңгені (61,9%), шағын кәсіпорындар – 196086,8млн. теңгені (23,5%) және орта кәсіпорындар – 121459 млн. теңгені (14,6%) құрады.
    Электронды кестелер
    Динамикалық кесте
    2022ж. IV тоқсан
      2021 2022
    3 тоқсан 4 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
    Денсаулық сақтау саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі 636 890 420 752 969 972 636 000 988 797 386 841
    Тұратын орынды қамтамасыз етумен әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі 20 063 180 24 013 960 24 249 856 28 902 161
    Тұратын орынды қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі 4 512 348 6 052 913 6 241 586 8 049 848
    Глоссарий

    Көрсетілген қызмет көлемі – кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.

    Негізгі қызмет түрі – кәсіпорынның іске асыратын кез-келген басқа қызметтерінің қосылған құнынан асатын қосымша құн қызметтерінің түрі саналады.

    Қызметтің негізгі түрі - қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Статистикалық бюллетеньде меншіктің, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліліктің барлық нысанындағы негізгі қызмет түрі денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың статистикалық деректері ұсынылды.

    Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі, бюджет қаражаты мен кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалатын қызмет көрсетулердің көлемі қосылған құн салығынсыз көрсетіледі.

    Халық төлеген қызмет көрсетулердің көлемі нақты төленген сомалардың мөлшерінде (яғни, ҚҚС-ты есепке алумен) көрсетіледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжигитов
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    Г. Маханбетова
    Тел. +7 7172 749256
    E-mail: g.makhanbetova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші