Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Негізгі ойлар

    2023-2024 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 711 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ТжКБ) және 39 филиал жұмыс істеді.

    Оқушылардың жалпы саны 548 мың адамды құрады, оның ішінде 263,6 мың адам немесе 48,1% - әйелдер. 2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 4% - ға өсті.

    Білім алушылардың жалпы санының 72,5% негізгі орта білім негізінде, 23,8% жалпы орта білім негізінде, 3,7% ТжКБ базасында білім алады.

    Күндізгі нысан бойынша білім алушылардың 96,8%, кешкі және сырттай нысандарда тиісінше 0,3% және 2,9% білім алады.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 348 мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 63,5% құрайды, ақылы білім беру қызметтерін 200 мың адам немесе білім алушылардың 36,5% алады.

    Түлектер саны 141 мың адамды құрады, оның ішінде 85,8 мың адам (60,8%) жұмысқа орналастырылды және 22,2 мың адам (15,8%) жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырды.

    Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 38222 оқытушы және 5419 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді, әйелдердің үлес салмағы тиісінше 71,0% және 47,7% құрайды.

    Педагог қызметкерлердің жалпы санының 32,8 мың адамы немесе 85,7% оқу орындарының штатында қалады.

    Жоғары санатқа 35803 оқытушы және 3934 өндірістік оқыту шебері ие, бұл олардың жалпы санының тиісінше 93,7% және 72,6% сәйкес келеді.

    2023-2024 у жылының басына ТжКБ ұйымдырының және оларда оқитындардың саны
    2023-2024 оқу жылының басына
    Динамика

    Соңғы бес жылдағы динамикада ТжКБ ұйымдары санының жыл сайынғы төмендеуі байқалады. 2023 жылы 2019 жылмен салыстырғанда колледждер мен лицейлер саны 0,9% - ға азайды, бұл ретте ТжКБ ұйымдарында білім алушылар саны өсуі 1,2%.

    ТжКБ ұйымдарының бес жыл ішіндегі динамикадағы саны, бірлік
    2023-2024 оқу жылының басына
    ТжКБ Ұйымдарындағы студенттер саны, адам
    2023-2024 оқу жылының басына

    2023 жылы өңірлер бөлінісінде студенттерді барынша ұлғайту Алматы қаласында - 16,1%, Шымкент қаласында - 9,8%, Түркістан облысында - 7,2%, Астана қаласында - 6,9%, 2019 жылмен салыстырғанда байқалады. Жалпы республикалық өсім студенттерді қабылдады тиісінше 35,2% құрады.

    ТжКБ ұйымдарында студенттерді қабылдау, адам
    2019 2020 2021 2022 2023
    Қазақстан Республикасы 71 475 79 078 85 047 92 783 91 897
    Абай - - - 4 033 3 840
    Ақмола 3 151 3 571 3 220 2 998 2 855
    Ақтөбе 3 494 4 048 4 850 4 884 4 799
    Алматы 4 930 5 639 6 213 3 606 3 314
    Атырау 2 120 2 445 2 931 3 568 2 842
    Батыс Қазақстан 2 691 2 931 3 101 3 074 2 706
    Жамбыл 2 843 3 028 3 747 4 420 4 130
    Жетісу - - - 2 684 2 666
    Қарағанды 5 457 6 428 6 502 5 656 5 403
    Қостанай 3 402 3 877 3 748 3 578 3 500
    Қызылорда 3 007 3 036 2 880 3 327 2 968
    Маңғыстау 2 677 3 123 3 297 3 644 3 523
    Павлодар 2 967 3 473 3 560 3 573 3 490
    Солтүстік Қазақстан 1 667 1 778 1 901 1 904 1 988
    Түркістан 5 975 5 427 5 785 6 119 7 608
    Ұлытау - - - 988 1 047
    Шығыс Қазақстан 5 773 6 360 6 467 3 140 3 122
    Астана қ. 4 231 4 873 5 291 6 747 7 066
    Алматы қ. 11 347 12 359 13 427 15 339 15 065
    Шымкент қ. 5 743 6 682 8 127 9 501 9 965
    Әдістемелік түсініктемелер

    Қазіргі басылымда меншік пен ведомстволық тиесіліліктің барлық нысандарындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының желісі, контингенті, оқытушылар құрамы және материалдық-техникалық базасы туралы деректер көрсетілген.

    Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлауды жүргізетін кәсіптік лицейлер мен колледждерді қамтыды.

    Барлық деректер алынған білім нысандары бойынша, оқу орнының меншік нысандары бойынша, сондай-ақ оқу процесін қаржыландыру көздері бойынша топтастырылған.

    Глоссарий

    Кәсіптік лицейлер - жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және білікті кадрлық техникалық және қызмет көрсету еңбегін даярлау жөніндегі техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары.

    Колледждер - жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары.

    Оқу орындарына қабылдау – оның ішінде бекітілген қабылдау ережелеріне сәйкес осы оқу орнында оқуға қабылданған адамдар. Оның ішінде оқуға қайта қабылданған адамдар қабылданбайды.

    Оқу орындарынан шығару – Оқу орнында оқу курсын толық аяқтаған және тиісті білім (мамандық) алған адамдардың саны.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    А. Мизинбаева
    Тел. +7 7172 749258
    E-mail: a.mizinbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г.Астана
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші