Мемлекеттік жоғары білім ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі 45,1%, жеке меншік ұйымдарында - 54,1%, шет меншігі – 0,7% құрады.
Қабылдау квотасы бойынша жоғары білім беру ұйымдарында 64,3 мың адам оқиды, оның ішінде 23,3 мың адам – төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар, 19,3 мың адам - ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар, 9,8 мың адам – толық емес отбасылардан шыққан балалар.
Түскен суденттердің жалпы санынан 71,7% жалпы орта білім базасында, 19,7% техникалық және кәсіптік білім базасында және 8,7% жоғары білім базаснда қабылданды.
2023-2024 оқу жылының басында республиканың жоғары білім беру ұйымдарында 37391 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 14982 адам (40,1%) магистр академиялық дәрежесіне ие, 10504 адам (28,1%) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесіне ие, 4168 адам (27,8%) философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие.
2023-2024 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарының саны - 112 ұйымды құрады.
Соңғы 5 жыл ішінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың саны 9,6% қысқарды.
2018-2019 оқу жылымен салыстырғанда студенттер саны 9,3% өсті, алайда 2019 жылдан бастап көрсеткіштің төмендеуі байқалады.
2018-2019 оқу жылымен салыстырғанда жекеменшік оқу орындарында студенттер саны 30,2 мың адамға немесе 10,4% – ға, мемлекеттік ұйымдарда-21,4 мың адамға немесе 8,7% - ға өсті. Шетелдік меншіктегі білім беру ұйымдарында бұл көрсеткіш 24,4% - ға төмендеді.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орындары.
Университет – әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
Ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
Зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет.
Ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі бар зерттеу университет.
Институт – ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
Академия – белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын "жоғары" және (немесе) "жоғары" оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
Бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары.
Бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже.
Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылады.
Ұлттық зерттеу университеті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұлттық ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының негізгі түрлері болып табылады.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға "бакалавр" дәрежесі беріледі немесе "маман" біліктілігі беріледі.
«Қазақстан Республикасындағы білім беру» статистикалық жинағы