2021 жыл | |
---|---|
Барлығы | 102 |
Мемлекеттік меншік | 24 |
Жеке меншік | 77 |
Шет меншігі | 1 |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында жүзеге асырылады.
Магистратура – білім беру бағдарламалары "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Резидентура – мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі.
Докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер.
Бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.
Статистикалық бюллетеньде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 2021-2022 оқу жылының 1 қазанындағы негізгі көрсеткіштері бойынша ақпарат ұсынылған.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.