Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    1 280 143,9 млн.
    2022 жылғы IІ тоқсанда Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарымен, негізгі қызмет бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі 1280143,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде 89,2% бюджет есебінен, 8,8% - халықтан түскен қаражат есебінен, 2% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
    811 128,8 млн.
    Қызметтердің ең үлкен көлемі негізгі қызмет бойынша негізгі және жалпы орта білім саласындағы қызметтер алады, олардың көлемі 811128,8 млн. теңге немесе қызметтердің жалпы көлемінен 63,4%, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында – 153364,1 млн. теңге (12%), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында – 119510,5 млн. теңге (9,3%), техникалық және кәсіптік орта білім беру саласындағы қызметтер саласында – 82702,2 млн. теңге (6,5%) құрады.
    8 062,1 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін қосалқы білім беру қызметтері бойынша 8062,1 млн. теңге сомасында, көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау мектептерінің қызметі көрсететін ұйымдар 489,1 млн. теңге сомасында және орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар 73,6 млн. теңге сомасында қызмет көрсетті.
    80,8%
    2022 жылғы IІ тоқсандағы қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 80,8% мемлекеттік меншік ұйымдары, 18,8% жеке меншік ұйымдары және 0,4% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
    569 574,1 млн.
    Есепті кезеңде негізгі қызмет түрі бойынша шағын кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 569574,1 млн. теңгені (44,5%), орта кәсіпорындар – 533120,3млн. теңгені (41,6%) және ірі кәсіпорындар – 177349,5 млн. теңгені (13,9%) құрады.
    Динамика
    мың теңге
    2017 2018 2019 2020 2021
    Негізгі қызмет түрлерімен көрсетілген қызметтер, барлығы 1 813 414 703 2 010 781 812 2 356 499 790 2 900 751 222 3 829 792 177
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтер 1 797 740 555 1 991 244 532 2 341 170 274 2 886 093 509 3 807 898 743
    Бастауыш білім беру саласындағы қызметтер 274 547 441 311 133 030 374 560 635 395 954 342 564 662 815
    Негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер 134 559 738 160 187 994 190 078 006 274 659 529 387 104 255
    Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласындағы қызметтер 733 011 470 815 875 773 981 322 685 1 351 339 011 1 846 643 060
    Орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы қызметтер 169 195 058 183 243 996 202 676 187 245 521 282 272 557 514
    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметтер 11 264 621 97 476 83 843 290 723
    Спорттық білім беру және бос уақытты ұйымдастыратын мамандарды оқыту саласындағы қызметтер 279 478 582 302 371 948 337 207 201 374 133 168 434 403 099
    мәдениет аясында білім беру саласындағы қызметтер 45 832 093 50 926 022 60 359 425 72 900 713 86 913 995
    Жүргізушілерді дайындау мектептерінің қызметтері 25 980 888 29 076 057 33 062 595 42 412 956 50 714 223
    Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де білім беру саласындағы қызметтер 3 123 556 3 759 823 2 751 289 1 964 467 4 117 077
    Қосалқы білім беру қызметтер 110 264 816 112 444 539 129 436 144 103 093 235 130 850 513
    Объем оказанных услуг по основному виду деятельности (в разрезе ЭҚТӨЖ*, в %)
    2022ж. II тоқсан
    Глоссарий

    Көрсетілген қызмет көлемі - кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі білім беру ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.

    Қызмет көрсету - адамның немесе тұтастай қоғамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

    Қызметтің негізгі түрі - қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі - үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Релизде меншіктің, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліліктің барлық нысанындағы негізгі қызмет түрі білім беру саласындағы ұйымдардың, білім беру саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың статистикалық деректері ұсынылды.

    Интернет арқылы ұсынылатын қызметтер – бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім деңгейлері бойынша оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, білім беру ұйымының сайтын әзірлеу және жүргізу, оқушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивті өзара іс-қимыл нысандарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ Интернет қолдану негізінде оқу үдерісіне әкімшілік ету бойынша қызметтер.

    Өзара байланысты жарияланымдарға сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Департамент статистики населения
    Департамент директоры:
    Н. Ханжигитов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Ж. Рахимова
    Тел. +7 7172 749374
    E-mail: zh.rakhimova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г.Астана
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Дом Министерств, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші