| 2024 | 2025 | |||
|---|---|---|---|---|
| ағымдағы табыстар | ағымдағы шығыстар | ағымдағы табыстар | ағымдағы шығыстар | |
| Барлығы | 6 294 938 354 | 6 081 526 913 | 6 986 732 378 | 6 717 872 834 |
| Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту | 881 333 704 | 854 072 638 | 983 688 376 | 946 218 758 |
| бастауыш білім беру | 100 945 666 | 93 826 146 | 98 472 482 | 92 529 432 |
| негізгі және жалпы орта білім беру | 3 466 479 605 | 3 430 071 798 | 3 817 233 407 | 3 764 161 162 |
| техникалық және кәсіптік орта білім беру | 436 395 467 | 427 161 916 | 488 575 659 | 480 541 923 |
| орта білімнен кейінгі білім беру | 127 869 | 135 071 | 254 303 | 311 463 |
| жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру | 860 530 826 | 767 175 094 | 1 014 792 918 | 903 961 230 |
| спорт және демалыс саласындағы білім беру | 157 250 268 | 155 123 526 | 174 011 644 | 172 297 625 |
| мәдениет саласындағы білім беру | 83 684 511 | 81 011 774 | 91 474 007 | 89 445 611 |
| көлік құралдары жүргізушілерін дайындау мектептерінің қызметі | 3 596 788 | 3 210 854 | 6 113 920 | 5 355 293 |
| басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері | 251 746 212 | 226 119 774 | 247 656 625 | 213 114 643 |
| білім беру саласындағы қосалқы қызмет | 52 845 438 | 43 618 322 | 64 459 037 | 49 935 694 |
Қызметтің негізгі түрі – қосылған құны шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан астаны қызмет түрі.
Активтер – өткен оқиғалар нәтижесінде дара кәсіпкер немесе ұйым бақылайтын келесі экономикалық пайда күтілетін ресурстар.
Табыстар – капиталға қатысушы адамдардың жарнасына байланысты ұлғаюдан өзгеше, капиталдың ұлғаюына алып келетін есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi не өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанындағы экономикалық пайданың өсуі.
Негізгі құралдар – бұл тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруде немесе жеткізуде пайдалану үшін, басқа адамдарға жалға беру, құнын өсіру немесе әкімшілік мақсаттар үшін субъект ұстап қалатын, бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалану ұйғарылған материалдық активтер.
Жарияланымда білім беру саласындағы негізгі қызмет түрі бар, ведомстволық меншік тиесілігі мен кәсіпорындардың өлшеміне қарамастан, білім беру ұйымдарының барлық қаржы шаруашылық қызметін көрсететін кәсіпорындардың статистикалық деректері ұсынылған.
Қазақстан Республикасында білім беру облысындағы қызметтер көлемі және әлеуметтік қызметтер сондай-ақ, бюджет қаражаты мен кәсіпорындардың қаражаты есебінен орындалған қызметтер көлемі қосылған құн салығын көрсетпегенде есепке алынады.
Халық төлеген қызметтер көлемі нақты төленген сомалар мөлшерінде көрсетіледі (яғни қосылған құн салығын есепке алады).