Мемлекеттік жоғары білім ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі 49,9%, жеке меншік ұйымдарында – 49,5%, шет меншігі – 0,6% құрады.
Түскен суденттердің жалпы санынан 74,7% жалпы орта білім базасында, 18,9% техникалық және кәсіптік білім базасында және 6,4% жоғары білім базаснда қабылданды.
Басқа қалалардан келген студенттердің жалпы саны 364,5 мың адамды құрады. Жатақханаға мұқтаж студенттер саны 115,6 мың адамды құрады, оның ішінде 95,3 мың студент жатақханада тұрады.
2025-2026 оқу жылының басына республиканың жоғары білім беру ұйымдарында 38014 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 14868 адам магистр академиялық дәрежесіне ие, 10238 адам ғылым кандидаты ғылыми дәрежесіне ие, 5462 адам философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие.
2025-2026 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарының саны - 116 ұйымды құрады.
Соңғы 5 жыл ішінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың саны 4,9% қысқарды. 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда студенттер саны 17,6% өсті.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орындары.
Университет – әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
Ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
Зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет.
Ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі бар зерттеу университет.
Институт – ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
Академия – белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын "жоғары" және (немесе) "жоғары" оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
Бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары.
Бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже.
Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылады.
Ұлттық зерттеу университеті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұлттық ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының негізгі түрлері болып табылады.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға "бакалавр" дәрежесі беріледі немесе "маман" біліктілігі беріледі.