Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Негізгі ойлар

    2024-2025 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 706 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ТжКБ) және 39 филиал жұмыс істеді.

    Оқушылардың жалпы саны 557 мың адамды құрады, оның ішінде 266,9 мың адам немесе 47,9% - әйелдер. 2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 1,6% - ға өсті.

    Білім алушылардың жалпы санының 73,6% негізгі орта білім негізінде, 22,5% жалпы орта білім негізінде, 3,9% ТжКБ базасында білім алады.

    Күндізгі нысан бойынша білім алушылардың 96,9%, кешкі және сырттай нысандарда тиісінше 0,4% және 2,7% білім алады.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 380 мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 68,4% құрайды, ақылы білім беру қызметтерін 176,3 мың адам немесе білім алушылардың 31,6% алады.

    Түлектер саны 158,7 мың адамды құрады, оның ішінде 92,9 мың адам (58,5%) жұмысқа орналастырылды және 25,6 мың адам (16,1%) жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырды.

    Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 38659 оқытушы және 5364 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді, әйелдердің үлес салмағы тиісінше 70,7% және 48,3% құрайды.

    Педагог қызметкерлердің жалпы санының 32,9 мың адамы немесе 85,1% оқу орындарының штатында қалады.

    Жоғары білім 35424 оқытушы және 3888 өндірістік оқыту шебері ие, бұл олардың жалпы санының тиісінше 91,6% және 72,5% сәйкес келеді.

    Динамика

    Соңғы бес жылдағы динамикада ТжКБ ұйымдары санының жыл сайынғы төмендеуі байқалады. 2024 жылы 2020 жылмен салыстырғанда ТжКБ ұйымдары саны 4,2% - ға азайды, бұл ретте ТжКБ ұйымдарында білім алушылар саны өсуі 16,6%.

    2024 жылы өңірлер бөлінісінде студенттерді барынша ұлғайту Түркістан облысында – 158,6%, Астана қаласында – 152%, Шымкент қаласында – 149,3%, Жамбыл облысында – 136,6%, Ақтөбе облысында – 124,7%, Алматы қаласында – 121,3%, 2020 жылмен салыстырғанда байқалады. Жалпы республикалық өсім студенттерді қабылдады тиісінше 118,3% құрады.

    ТжКБ ұйымдарында студенттерді қабылдау
    адам
      2020 2021 2022 2023 2024
    Қазақстан Республикасы 164 644 176 884 195 189 192 843 194 703
    Абай - - 8 097 7 708 7 455
    Ақмола 8 121 7 770 7 122 6 705 7 047
    Ақтөбе 8 316 9 685 10 143 9 738 1 0372
    Алматы 11 550 12 565 7 324 6 562 6 575
    Атырау 5 649 6 665 7 303 6 434 6 670
    Батыс Қазақстан 6 109 6 655 6 192 5 606 5 721
    Жамбыл 6 723 7 912 9 315 8 870 9 184
    Жетісу - - 5 464 5 460 5 580
    Қарағанды 13 389 13 787 12 137 11 576 11 595
    Қостанай 7 929 7 717 7 459 7 318 7 281
    Қызылорда 6 641 6 061 7 107 6 415 6 485
    Маңғыстау 6 384 7 174 7 718 7 261 7 234
    Павлодар 7 316 7 491 7 776 7 543 7 517
    Солтүстік Қазақстан 3 880 3 991 4 070 4 255 4 156
    Түркістан 10 943 11 367 14 264 16 870 17 353
    Ұлытау - - 2 185 2 302 1 977
    Шығыс Қазақстан 13 553 13 620 6 891 7 018 7 404
    Астана қ. 9 502 10 616 13 595 14 313 14 442
    Алматы қ. 25 120 27 872 31 201 30 759 30 473
    Шымкент қ. 13 519 15 936 19 826 20 130 20 182
    Әдістемелік түсініктемелер

    Қазіргі басылымда меншік пен ведомстволық тиесіліліктің барлық нысандарындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының желісі, контингенті, оқытушылар құрамы және материалдық-техникалық базасы туралы деректер көрсетілген.

    Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлауды жүргізетін кәсіптік лицейлер мен колледждерді қамтыды.

    Барлық деректер алынған білім нысандары бойынша, оқу орнының меншік нысандары бойынша, сондай-ақ оқу процесін қаржыландыру көздері бойынша топтастырылған.

    Глоссарий

    Кәсіптік лицейлер - жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және білікті кадрлық техникалық және қызмет көрсету еңбегін даярлау жөніндегі техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары.

    Колледждер - жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары.

    Оқу орындарына қабылдау – оның ішінде бекітілген қабылдау ережелеріне сәйкес осы оқу орнында оқуға қабылданған адамдар. Оның ішінде оқуға қайта қабылданған адамдар қабылданбайды.

    Оқу орындарынан шығару – Оқу орнында оқу курсын толық аяқтаған және тиісті білім (мамандық) алған адамдардың саны.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    А. Мизинбаева
    Тел. +7 7172 749258
    E-mail: a.mizinbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г.Астана
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші