Театрлар | Музейлер | Мәдени-демалыс мекемелері | Кинотеатрлар | Кітапханалар | Концерттік ұйымдар | Саябақтар | Хайуанаттар бағы | Цирктер | ||
Қазақстан Республикасы | 74 | 275 | 3 069 | 113 | 3 924 | 43 | 230 | 11 | 3 | |
Абай | 1 | 9 | 124 | 4 | 137 | 1 | 7 | 1 | - | |
Ақмола | 2 | 17 | 260 | 3 | 343 | 1 | 4 | x | - | |
Ақтөбе | 2 | 21 | 202 | 2 | 236 | 1 | 12 | - | - | |
Алматы | 2 | 16 | 119 | 3 | 143 | 2 | 16 | - | - | |
Атырау | 1 | 16 | 82 | 8 | 139 | 2 | 13 | - | - | |
Батыс Қазақстан | 2 | 20 | 270 | 8 | 360 | 3 | 10 | - | - | |
Жамбыл | 2 | 17 | 203 | 7 | 275 | 2 | 14 | - | - | |
Жетісу | x | 13 | 134 | 2 | 147 | 2 | 2 | - | - | |
Қарағанды | 4 | 16 | 242 | 7 | 255 | 1 | 18 | 1 | - | |
Қостанай | 4 | 9 | 230 | 3 | 340 | 1 | 10 | - | - | |
Қызылорда | 1 | 14 | 174 | 2 | 209 | 1 | 1 | - | - | |
Маңғыстау | 2 | 7 | 43 | 7 | 69 | 1 | 9 | - | - | |
Павлодар | 3 | 12 | 267 | 5 | 229 | 1 | 4 | - | - | |
Солтүстік Қазақстан | 3 | 13 | 238 | 4 | 318 | 1 | 6 | 1 | - | |
Түркістан | 3 | 27 | 255 | 3 | 398 | 1 | 27 | - | - | |
Ұлытау | x | 6 | 42 | x | 55 | 1 | 3 | - | - | |
Шығыс Қазақстан | 1 | 9 | 172 | 3 | 170 | 1 | 6 | 2 | - | |
Астана қаласы | 9 | 8 | 1 | 10 | 23 | 6 | 22 | х | 1 | |
Алматы қаласы | 24 | 20 | 1 | 21 | 34 | 13 | 21 | 3 | 1 | |
Шымкент қаласы | 6 | 5 | 10 | 10 | 44 | 1 | 25 | 1 | 1 |
2022 жылмен салыстарғанда келушілердің ең көп өсуі концерттік ұйымдардабайқалады –23,3%-ға, киносеанстарға келушілер саны 23,2%-ға, цирктерге– 11,9%-ға,театрларға – 10,2%-ға, хайуанаттар бағына – 3,9%-ға өсті.
2023 жылы концерттік ұйымдарында өткізілетін іс-шаралар саны 8,8%-ға аррты, 7,4%-ға музей экскурсияларының саны және 7,4%-ға – театрлар өткізген іс-шаралар саны, демалыс және ойын-сауық саябақтарында өткізілетін іс-шаралар саны 5,1%-ға, мәдени-демалыс ұйымдарымен – 4,8%-ға өсті.
Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, ұйымдастырылған баспа және қолжазба құжаттары қоры, графикалық, аудиовизуалды материалдар, электрондық жеткізгіштердегі құжаттар бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.
Концерттік ұйымдар - әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркем ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал ету үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.
Музейлер - музей экспонаттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілік алдында ұсыну үшін құрылған, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын танымал етуді қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдар.
Театрлар - әдебиет пен өнер туындыларының сахналық қойылымдарын жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомималар, балалар мен жасөспірімдерге арналған сатиралар мен әзілдер, жастар, эксперименттік).
Анимациялық фильм - бұл бейнелеу өнерінің графикалық әдістері мен әдістерін, компьютерлік графика мүмкіндіктерін, іс-әрекеттер мен көріністерді жандандыру арқылы жасалған фильм.
Деректі фильм - режиссер операторлық өнер, монтаждық жүйе және басқа да құралдар арқылы түсіндіретін өзекті оқиғаларды, шындық фактілерін тіркейтін сценарий сюжеті негізінде жасалған фильм.
Қысқа метражды фильм - алпыс минуттан аспайтын фильм қысқа метражды фильм болып табылады.
Толықметражды фильм-ұзақтығы алпыс минуттан кем емес фильм толықметражды фильм болып табылады.
Фильм - кез-келген нысанда және әр түрлі жанрларда шығармашылық ниет негізінде жасалған, кинопленкаға, магниттік пленкаға немесе тасымалдаушы түрлеріне бекітілген және тақырыптық тұтастыққа қосылған, бір-бірімен дәйекті байланысқан кадрлардан тұратын және тиісті техникалық құралдардың көмегімен қабылдауға арналған бейнеден, дыбыстық сүйемелдеуден тұратын аудиовизуалды туынды.
Фильм өндірісі - автордың шығармашылық ниетін жүзеге асыру процесі, нәтижесінде аудиовизуалды шығарма жасалады.
Шығарылымда мәдениет мекемелерінің (кітапханалар, театрлар, цирктер, музейлер, концерттік ұйымдар, ойын-сауық және демалыс саябақтары, хайуанаттар бағы мен океанариум, кинотеатрлар, мәдени-демалыс ұйымдары) жұмысы туралы статистикалық деректер келтірілген.