«Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеуі 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында республиканың барлық өңірлерінде, қалалық және ауылдық жерлерде жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша 63,5% сұралғандардың өздері тұратын ауданда өзін толық қауіпсіз сезінеді, 27,7% жеткілікті қауіпсіз, 6,8% қауіпсіз емес, 1,5% мүлдем қауіпсіз емес және 0,5% жауап беруге қиналды.
Респонденттердің жауаптарына сәйкес, қауіпсіздіктің негізгі себептері жалғыз шығудан қорқу – 20,8%, қауіпсіздіктің төмен деңгейі – 20,8%. және жарықтандырудың болмауы/жеткіліксіздігі – 20,7%,
Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қылмыстардың ең көбі Алматы қаласы (11659 жағдай), Астана қаласы (8325 жағдай) және Алматы облысы (4635 жағдай) тіркелген.
ҚР БП ҚСжАЕК - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.
Құқық қорғау органы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган.
Қылмыс – Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасында айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Осы жарияланымда «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеуінің нәтижелері келтірілген.
Зерттеуге іріктемелі әдіспен іріктелген 18005 үй шаруашылығы немесе республикадағы үй шаруашылықтарының жалпы санының 0,35%-ы қатысты. Іріктемелі зерттеу жүргізу кезінде 15-80 жас аралығындағы үй шаруашылығының бір мүшесі сұралды.
Тексерудің мақсаты-халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі туралы, өз қауіпсіздігін қабылдау және қылмыс деңгейін субъективті бағалау туралы репрезентативтік деректер алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер алу.
Тексеру халыққа сауал қою және мәліметтерді статистикалық нысанға жазу арқылы жүзеге асырылады. Сауалнама арнайы дайындалған интервьюерлердің үй шаруашылықтарына баруы арқылы сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.
Зерттеудің статистикалық нысаны келесі бөлімдерден тұрады:
- респондент туралы мәліметтер;
- өз қауіпсіздігін қабылдау және құқық қорғау органдарына сенім дәрежесі;
Зерттеу көрсеткіштері барлық халыққа таратылып келтірілді.
Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы елеусіз алшақтықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі.