Республика бойынша ең көп аудандар саны Ақмола облысында, ал облыстық маңызы бар қалалар мен кенттік әкім аппараттары Қарағанды облысында. Ақмола және Қостанай облыстарында ауылдық әкім аппараттары көп болса, ауылдық елді мекендердің саны ең көп - Түркістан облысында.
Аудандар | Елді мекендер | Әкім аппараты | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
барлығы | одан: қалалардағы аудандар | қалалар | кенттер | ауылдар |
кенттік |
округтік |
ауылдық | ||||||||
барлығы | одан: | барлығы | одан: бір ғана ДЕМ*-нен құрылған | барлығы | одан: бір ғана ДЕМ*-нен құрылған | ||||||||||
республикалық маңыздағы | облыстық маңыздағы | облыстық маңыздағы | аудандық маңыздағы | ||||||||||||
Қазақстан Республикасы | 188 | 18 | 4 | 89 | 38 | 48 | 29 | 6295 | 27 | 19 | 2 177 | 504 | 93 | ||
Абай | 8 | - | - | 4 | 2 | 2 | 2 | 327 | 2 | 2 | 134 | 38 | - | ||
Ақмола | 17 | - | - | 11 | 3 | 8 | 5 | 589 | 5 | 4 | 192 | 19 | 33 | ||
Ақтөбе | 14 | - | 2 | 8 | 1 | 7 | - | 315 | - | - | 134 | 31 | - | ||
Алматы | 9 | - | - | 4 | 1 | 3 | - | 380 | - | - | 133 | 33 | - | ||
Атырау | 7 | - | - | 2 | 1 | 1 | - | 153 | - | - | 68 | 23 | - | ||
Батыс Қазақстан | 12 | - | - | 2 | 1 | 1 | 3 | 416 | 3 | - | 147 | 26 | - | ||
Жамбыл | 10 | - | - | 4 | 1 | 3 | - | 367 | - | - | 150 | 39 | 3 | ||
Жетісу | 8 | - | - | 6 | 2 | 4 | - | 352 | - | - | 113 | 15 | - | ||
Қарағанды | 9 | - | 2 | 8 | 6 | 2 | 8 | 349 | 7 | 7 | 153 | 56 | 5 | ||
Қостанай | 16 | - | - | 6 | 4 | 2 | 3 | 517 | 3 | 2 | 160 | 29 | 33 | ||
Қызылорда | 7 | - | - | 4 | 2 | 2 | 2 | 230 | 2 | - | 142 | 95 | - | ||
Маңғыстау | 5 | - | - | 3 | 2 | 1 | - | 59 | - | - | 34 | 24 | 12 | ||
Павлодар | 10 | - | - | 3 | 3 | - | 3 | 352 | 3 | 3 | 119 | 14 | 4 | ||
Солтүстік Қазақстан | 13 | - | - | 5 | 1 | 4 | - | 635 | - | - | 186 | 20 | - | ||
Түркістан | 14 | - | - | 7 | 3 | 4 | - | 826 | - | - | 174 | 20 | 3 | ||
Ұлытау | 2 | - | - | 3 | 3 | - | 2 | 72 | 2 | 1 | 33 | 11 | - | ||
Шығыс Қазақстан | 9 | - | - | 6 | 2 | 4 | 1 | 356 | - | - | 105 | 11 | - | ||
Астана қаласы | 5 | 5 | - | 1 | - | - | - | - | - | - | - | - | - | ||
Алматы қаласы | 8 | 8 | - | 1 | - | - | - | - | - | - | - | - | - | ||
Шымкент қаласы | 5 | 5 | - | 1 | - | - | - | - | - | - | - | - | - |
* ДЕМ - дербес елді мекендер.
Қазақстан Республикасының аумағы негізінен екi категорияға – аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.
Өңір – Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын, бiрнеше елдi мекен кіретін Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi. Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ өңірлер болып табылады.
Елді мекен – Қазақстан Республикасы аумағының халық жинақы орналасқан, халық саны кемiнде 50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есепке алынған және тiркелген әрі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi. Елді мекендер қалалық және ауылдық болып бөлінеді.
Қалалық елді мекендер – республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер.
Ауылдық елді мекендер – олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер.
Республикалық маңызы бар қалалар – ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер.
Облыстық маңызы бар қалалар – iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер.
Аудандық маңызы бар қалалар – аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер.
Қаладағы аудан – халық саны 400 мың адамнан асқан облыстық маңыздағы, республикалық маңыздағы қалалар мен астанадағы аудан.
Кенттер – кенттер, оларға халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады. Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады.
Ауылдар – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.