ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    74,44
    Қазақстан Республикасы халқының туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 74,44 жас;
    70,26
    ерлер – 70,26 жас;
    78,41
    әйелдер – 78,41 жас;
    74,73
    қала халқы – 74,73 жас;
    73,94
    ауыл халқы – 73,94 жас.
    Электрондық кесте
    2022ж.

    Ең жоғары туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы Алматы қаласында – 77,32 жас, ал ең төмені Ұлытау облысында – 71,44 жас.

    Динамикалық кестелер
    2022ж.
    Глоссарий

    Туған кездегі өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы осы ұрпақтың бүкіл өмір сүру ұзақтығында әр жастағы өлім-жітім деңгейі көрсеткіш есептелген жылдардағыдай қалған жағдайда, туғандар ұрпағынан орташа есеппен бір адамның өмір сүруіне болатын жылдар саны болып табылады.

    Өлім-жітім – бұл халықтың әртүрлі жастарында орын алған көптеген жекелеген өлімнен тұратын ұрпақтың жойылу процесі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өлім-жітім кестесінің көрсеткіштері жасы бойынша және тіркелген бастапқы санымен кейбір теориялық ұрпақтың өлім-жітімнің әсерінен жасына қарай азаю процесін сипаттау сияқты ұйымдастырылған және өзара байланысты бірқатар сандар жүйесін білдіреді. Өлім-жітімнің кестесі «Өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы» көрсеткішін бағалау үшін құрылады.

    Өлім-жітім кестелерін есептеу үшін бастапқы статистикалық деректер ретінде осы күнтізбелік жыл ішіндегі осы жаста қайтыс болғандар санының осы жастағы адамдардың орташа жылдық санына қатынасы ретінде есептелетін өлім-жітімнің коэффициентері алынады.

    Келесі px жасқа дейінгі өмір сүру ықтималдығы – оның басталуына дейін өмір сүріп жатқандар санынан осы жас интервалының соңына дейін өмір сүріп жатқан адамдар үлесін білдіреді.

    Х жасына жеткен өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы қазіргі өлім-жітімнің әрбір келесі жасын сақтаған кезде осы жасқа жеткендерге алда өмір сүруі қажет жас санын білдіреді.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Қ. Рысбаев
    Тел. +7 7172 749343
    E-mail: k.rysbaev@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Пікірлер мен ұсыныстар