Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    19 832 737
    Барлық халық – 19 832 737 адам
    12 260 185
    қалалық – 12 260 185 адам
    7 572 552
    ауылдық – 7 572 552 адам
    9 681 672
    ерлер – 9 681 672 адам
    10 151 065
    әйелдер – 10 151 065 адам
    2023 жылғы 1 сәуірге жынысы және жер типі бойынша халық саны
    пайызбен
    2023ж. 1 сәуірге
    Электрондық кестелер
    мың адам
    2023ж. 1 сәуірге

    Қала халқының ең көп үлесі Қарағанды ( 81,3%), Ұлытау ( 79,1% ) және Ақтөбе (74,6%), ал ең аз үлесі - Алматы (16,2%), Түркістан (24,5%) және Жамбыл (43,3%) облыстарында байқалды.

    Глоссарий

    Халықтың жалпы өсімі (кемуі) – халықтың табиғи өсімінің (кемуінің) және көші-қон өсімінің (кемуінің) алгебралық сомасы;

    Халықтың көші – қон өсімі (кемуі) - белгілі бір кезеңде аймақ аумағына келгендер саны мен одан тыс жерлерге кеткендер саны арасындағы айырмашылық;

    Халықтың табиғи өсуі (азаюы) – тірі туылғандар саны мен белгілі бір кезеңдегі қайтыс болғандар саны арасындағы айырмашылық.

    Халық саны – белгілі бір уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халық саны-қазіргі уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны. Жыл басындағы ағымдағы бағалар соңғы санақтың қорытындылары негізінде есептеледі, оған жыл сайын осы аумаққа туғандар мен тұрақты тұруға келгендердің саны қосылады және осы аумақтан қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткендердің саны шегеріледі. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағалары кезекті санақ қорытындылары негізінде нақтыланады.

    Халықтың жалпы санын есептеу тұтастай алғанда Қазақстан және оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері (қалалық қоныстар, қалалық аудандар, әкімшілік аудандар) бойынша жүргізіледі. Есептеулерде жекелеген аумақтардың шекараларының өзгеруі нәтижесінде халық санының ұлғаюы немесе қысқаруы, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық қайта құру нәтижесінде қала және ауыл халқы санының өзгеруі ескеріледі.

    Халық саны қалалық және ауылдық тұрғындарға бөлінеді. Қала халқы-қалалық елді мекендерде тұратын халық. Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы кенттер жатады. Ауыл халқы-ауылдық жерлерде тұратын халық. Қалалық ретінде жіктелмеген елді мекендер ауылдық болып саналады.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Тел. +7 7172 749540
    E-mail: er.kopes@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел данғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші