ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    13 652 адам
    2023 жылғы қантар-маусымда елге келгендер саны 13 652 адам, елден кеткендер саны 6 996 адамды құрады. Көші-қон сальдосы 6 656 адамды құрады
    87,3%
    2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3% - ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 56,7% - ға азайды
    89,1%
    Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 89,1%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі – 75,4% құрады
    Халықтың халықаралық көші-қоны
    адам
     2023ж. қаңтар-маусым
    Жеке этникалық топтар бойынша сыртқы көші-қонның құрылымы, жалпы санына пайызбен
     2023ж. қаңтар-маусым
    Халықтың өңіраралық көші-қоны

    • Ел ішінде көшіп келушілер саны 5,8% -ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (16 044 адам), Алматы (15 611 адам), Шымкент (1 049 адам) қалаларында көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

    Көші-қон айырымы
    адам
     2023ж. қаңтар-маусым
    Глоссарий

    Халықтың көші-қоны – тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Келгендер саны – есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіпкелген адамдар саны.

    Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.

    Көші-қон айырымы - есепті кезеңде өңірге көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болсаөңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Республика өңірлеріне келгендер мен олардан кеткендер саны Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі комитетінен келіп түсетін халықты тұрғылықты жері бойынша есепке алған кезде толтырылатын келгендер мен кеткендердің статистикалық есеп талондарын әзірлеу нәтижесінде анықталады:
    келгендер саны (келу);
    кеткендер саны (кету);
    көші-қон өсімі (немесе кемуі), көші-қон сальдосы, таза көші-қон

    Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері белгілі бір кезеңдегі халықтың жиынтығында тұрғылықты жерінің өзгеру жағдайларының жиілігін сипаттайды. Көші-қон қарқындылығының жалпы жылдық коэффициенттері көбінесе 1000 тұрғынға шаққанда қолданылады.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Ж. Айдарбекова
    Тел. +7 7172 749540
    E-mail: @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші