Ел ішінде көшіп келушілер саны 6,1% -ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (35 302 адам), Астана (33 798 адам), Шымкент (2 756 адам) қалаларындажәне Алматы обласында (898 адам)халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.
Халықтың көші-қоны – тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.
Келгендер саны – есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіпкелген адамдар саны.
Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.
Көші-қон айырымы - есепті кезеңде өңірге көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.
Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болсаөңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.
Республика өңірлеріне келгендер мен олардан кеткендер саны Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі комитетінен келіп түсетін халықты тұрғылықты жері бойынша есепке алған кезде толтырылатын келгендер мен кеткендердің статистикалық
есеп талондарын әзірлеу нәтижесінде анықталады:
келгендер саны (келу);
кеткендер саны (кету);
көші-қон өсімі (немесе кемуі), көші-қон сальдосы, таза көші-қон
Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері белгілі бір кезеңдегі халықтың жиынтығында тұрғылықты жерінің өзгеру жағдайларының жиілігін сипаттайды. Көші-қон қарқындылығының жалпы жылдық коэффициенттері көбінесе 1000 тұрғынға шаққанда қолданылады.