Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    17
    Облыстар саны
    195
    Аудандар саны
    90
    Қалалар саны
    3
    Оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар
    29
    Кенттер саны
    2 152
    Ауылдық округтер саны
    6 060
    Ауылдар саны

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында облыстардың саны 17, аудандар - 195, қалалар - 90, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар - 3, кенттер - 29, ауылдық округтер - 2 152, ауылдар - 6 060 құрайды.

    Республика бойынша ең көп аудандар саны Ақмола облысында, ал облыстық маңызы бар қалалар мен кенттік әкім аппараттары Қарағанды облысында. Ақмола және Қостанай облыстарында ауылдық әкім аппараттары көп.

    2026 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері
      Аудандар Елді мекендер Әкім аппараты    
    барлығы одан: қалалардағы
    аудандар
    қалалар кенттер ауылдар кенттік округтік ауылдық
    барлығы одан: барлығы одан: бір ғана ДЕМ*-нен құрылған барлығы одан: бір ғана ДЕМ*-нен құрылған
    Республикалық маңыздағы облыстық маңыздағы Облыстық маңыздағы аудандық маңыздағы
    Қазақстан Республикасы 195 19 6 90 39 48 29 6060 26 19 2152 515 108
    Абай 10 - - 4 2 2 2 320 2 2 134 39 -
    Ақмола 17 - - 11 3 8 5 574 5 4 189 20 38
    Ақтөбе 14 - 2 8 1 7 - 312 - - 133 32 2
    Алматы 9 - - 5 2 3 - 368 - - 131 33 -
    Атырау 7 - - 2 1 1 - 153 - - 67 23 -
    Батыс Қазақстан 12 - - 2 1 1 3 405 3 - 147 25 -
    Жамбыл 12 - 2 4 1 3 - 353 - - 146 38 3
    Жетісу 8 - - 6 2 4 - 350 - - 112 15 -
    Қарағанды 9 - 2 8 6 2 8 342 7 7 151 54 5
    Қостанай 16 - - 6 4 2 3 475 3 2 155 28 37
    Қызылорда 7 - - 4 2 2 2 222 2 - 142 97 -
    Маңғыстау 5 - - 3 2 1 - 59 - - 34 24 12
    Павлодар 10 - - 3 3 - 3 345 3 3 118 15 5
    Солтүстік Қазақстан 13 - - 5 1 4 - 590 - - 183 20 -
    Түркістан 14 - - 7 3 4 - 794 - - 174 21 3
    Ұлытау 2 - - 3 3 - 2 56 1 1 33 20 1
    Шығыс Қазақстан 11 - - 6 2 4 1 342 - - 103 11 2
    Астана қаласы 6 6 - 1 - - - - - - - - -
    Алматы қаласы 8 8 - 1 - - - - - - - - -
    Шымкент қаласы 5 5 - 1 - - - - - - - - -

    * ДЕМ - дербес елді мекендер.

    Глоссарий

    Қазақстан Республикасының аумағы негізінен екi категорияға – аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.

    Өңір – Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын, құрамына бiрнеше елдi мекен кіретін Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлiгi

    Елді мекен – халқының саны кемiнде 50 адам болатын, тұрақты тұруға арналған Қазақстан Республикасы аумағының халық ықшам қоныстанған бөлігі.

    Республикалық маңызы бар қала – ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекен, онда жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.

    Облыстық маңызы бар қала – халқының саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар iрi экономикалық және мәдени орталық саналатын елдi мекен, онда жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады

    Аудандық маңызы бар қала – халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын, аумағында кәсіпорындар, тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының дамыған желісi, мәдени-ағарту және сауда объектілері бар елдi мекен.

    Қаладағы аудан – халқының саны 400 мың адамнан асқан кезде астанада, республикалық маңызы бар қалада, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалада құрылатын әкімшілік-аумақтық бірлік.

    Кент – халқының саны кемінде 500 адам болатын, өнеркәсіптік, көліктік, энергетикалық, рекреациялық не өзге де шаруашылық қызмет негізінде құрылған, кент пен оған іргелес аумақтардың тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған базалық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген елді мекен.

    Ауыл – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекен.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 749058
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 749795
    E-mail: d.toleugali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс