Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    20 223 218
    Барлық халық – 20223218 адам;
    12 704 977
    Қалалық – 12704977 адам;
    7 518 241
    Ауылдық – 7518241 адам;
    9 880 259
    Ерлер – 9880259 адам;
    10 342 959
    Әйелдер – 10342959 адам.
    Электрондық кестелер

    Қала халқының ең көп үлесін Қарағанды (81,9%), Ұлытау (79,3%) және Ақтөбе (75,4%), ал ең аз үлесін Алматы (19,5%), Түркістан (25,1%) және Жамбыл (43,7%) облыстары құрады.

    Глоссарий

    Халық саны – белгілі бір уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны;

    Халықтың жалпы өсімі (кемуі) – халықтың табиғи өсімінің (кемуінің) және көші-қон өсімінің (кемуінің) алгебралық сомасы;

    Халықтың көші-қон өсімі (кемуі) – белгілі бір кезеңде аймақ аумағына келгендер саны мен одан тыс жерлерге кеткендер саны арасындағы айырмашылық;

    Халықтың табиғи өсімі (кемуі) – тірі туғандар саны мен белгілі бір кезеңдегі қайтыс болғандар саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халық саны-қазіргі уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны. Жыл басындағы ағымдағы бағалар соңғы санақтың қорытындылары негізінде есептеледі, оған жыл сайын осы аумаққа туғандар мен тұрақты тұруға келгендердің саны қосылады және осы аумақтан қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткендердің саны шегеріледі. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағалары кезекті санақ қорытындылары негізінде нақтыланады.

    Халықтың жалпы санын есептеу тұтастай алғанда Қазақстан және оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері (қалалық қоныстар, қалалық аудандар, әкімшілік аудандар) бойынша жүргізіледі. Есептеулерде жекелеген аумақтардың шекараларының өзгеруі нәтижесінде халық санының ұлғаюы немесе қысқаруы, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық қайта құру нәтижесінде қала және ауыл халқы санының өзгеруі ескеріледі.

    Халық саны қалалық және ауылдық тұрғындарға бөлінеді. Қала халқы-қалалық елді мекендерде тұратын халық. Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы кенттер жатады. Ауыл халқы-ауылдық жерлерде тұратын халық. Қалалық ретінде жіктелмеген елді мекендер ауылдық болып саналады.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Б. Мирасбек
    Тел. +7 7172 749540
    E-mail: b.mirasbek@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші